Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-18470136634 %66 %

Бішкектегі Орталық Азия форумында мектептегі қауіпсіздік мәселесі көтерілді - Қазақстан және әлемдег



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:00 - 2019/10/09






Мектеп құрылысының сапасы қатаң бақылауда болу керек! Нұр-Сұлтан қаласының білім ордаларының бірінде болған оқиғадан кейін жобалаушы инженерлер осылай деп дабыл қағып отыр. Мамандар бейбіт күннің аманында мұндай жағдайға жол берілсе, «жер сілкінісі кезінде балалар қауіпсіздігі не болмақ?» деп алаңдауда. Бішкекте өткен Орталық Азия форумының қатысушылары мектептегі қауіпсіздік мәселесін көтерді.

Нұр-Сұлтандағы 71 мектеп-лицейінде болған жағдай - құрылыс сапасының төмендігін көрсетеді. Құзырлы мекемелер өздерін қалай ақтап бақса да, жоспарды тиісінше орындамады.  Мектеп пен балабақшаға қойылатын талаптар өзге құрылыс нысандарынан әлдеқайда жоғары болу керек. Мамандар бірауыздан осылай деп отыр. Айтуларынша, жобалау сатысында ғана емес, нысанды қолдануға беру кезінде де қатаң бақылау қажет.  

Шамиль Хакимов, халықаралық инженерлік академия өкілі:

- Мектептердің қауіпсіздігі көп факторларға байланысты. Нормалардың болғаны жақсы ғой, әрине. Алайда жобалаушылар да, құрылысшылар да ол нормаларды бұзуы мүмкін. Бізде ғимараттың сапалы жобалануын да, сапалы салынуын да қадағалайтын механизм жоқ. 

Ал кеңес заманында салынған мектептердегі қауіпсіздік мәселесі не болмақ? Күндердің күнінде ондай ескі ғимараттың төбесі опырылып түспейтініне кім кепіл? Зілзала кезінде жағдай қалай болады? Осындай қауіп-қатерлердің алдын-алу үшін Алматыдағы ғимараттардың қуаттылығы тексеріле бастады. 

Ералы Шоқпаров, техникалық ғылымдар кандидаты: 

- Біз ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, 10 мыңнан аса ғимаратты тексеріп шықтық. Олардың қатарында мектеп те, балабақша да бар. Ұсынымдар бердік. Мектептердің құрылымдық ерекшеліктері электрондық паспорттарға түсірілді. Кеңес одағы ыдырғаннан кейін бізде тиісті мәліметтер болмаған. Ал енді сәулет басқармасында деректер қоры бар. 

Бірақ балалардың қауіпсіздігі үшін мектептің қалай, қандай материалдан және қашан салынғанын білу жеткіліксіз болып жатады. Сондықтан мамандар бірауыздан «құрылыс сапасы үнемі бақылауда болу керек» деп отыр.

Авторы: Бакыт Чермашев

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1057873
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар