Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-18705199839 %61 %

Ақ үй Трамп импичментіне байланысты конгреспен әріптестік орнатудан бас тартты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 20:30 - 2019/10/09


АҚШ Президенті Дональд Трамп және өкілдер палатасының жетекшісі Нэнси Пелоси.

8 қазанда Ақ үй Президент Дональд Трампқа импичмент жариялау процедурасын зерттеу бойынша демократтармен әріптестік орнатудан бас тартты.

Ақ үй заңгері Пэт Чиполлонның өкілдер палатасына жолдаған мәлімдемесінде "президент Трамп пен оның әкімшілігі Конституцияға қайшы біржақты зерттеуге араласқысы келмейді" деп жазылған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм президент әкімшілігі "біржақты саяси спектакльге қатыспайды" деп мәлімдеді. Ақ үй өкілдері 2016 жылғы президент сайлауының қорытындысын жоққа шығару үшін демократтар азаматтық еркіндік пен билік бөлінісін бұзып жатыр деп айыптады.

"Президент ештеңені бүлдірген жоқ. Демократтар мұны біледі" деді Гришэм.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік департаменті АҚШ-тың Еуропа Одағындағы өкілі Гордон Сондландқа өкілдер палатасының тыңдауына баруға тыйым салған. Сондландтың өзі тыңдауға қатысу үшін Вашингтонға арнайы ұшып барған.

Өкілдер палатасының спикері, демократ Нэнси Пелоси Ақ үйдің зерттеуге қатысудан бас тартқанына президент Дональд Трамп жауап береді деді. Ол "президенттің қызметтік өкілетін асыра пайдаланғанын Америка халқынан жасыруға талпыну заңға қайшы әрекет" деп бағалады.

Дау Трамптың 25 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленскиймен болған әңгімесінен соң туған. Америкалық басылымдар Трамптың Зеленскийді 2020 жылғы сайлауда өзінің бас қарсыласы болатын Джо Байденнің үстінен жемқорлық дауы бойынша іс қозғауға мәжбүрлемек болғанын жазды. Сыншылар Трамп "қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, ықтимал қарсыласына компромат табуға тырысты" деп айыптады. Дональд Трамп бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Трамп пен Зеленский арасындағы әңгіме белгілі болғаннан кейін АҚШ өкілдер палатасындағы демократтар Трампқа "берген сертін бұзғаны үшін" импичмент жариялау процесін бастаған. 24 қыркүйекте өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси "Трамп өзінің сертін бұзды, ұлттық қауіпсіздігіміз бен сайлау институтын сатып кетті" деген. Дональд Трамп бұл процесті "фарсқа" теңеді.

Азаттық

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1057864
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Демалыс күндері ауа тем 15 sek
Атырау облысында полице 15 sek
Қостанайда АТТ мүшелері 5 min
Маңғыстауда 120 отбасы 5 min
Хуаңхы өзені алабының е 10 min
Шинжяң едеилердің емдел 10 min
Головкин – Шеремета жек 10 min
Қазақстандықтар өз атын 11 min
Көпбалалы отбасылар жаң 20 min
Ұларбек Нұрғалымұлы: Бі 20 min
Оқиғалар хроникасы. 18 20 min
中国哈萨克语广播网 20 min
Оңдасын Оразалин: Ақтөб 23 min
«Кебенек» телехикаясы: 23 min
Елбасы: Үкімет пен «Nur 26 min
Биыл Алматы облысынан 2 1 sagt
Имамға құрмет көрсетілд 1 sagt
Қоғам отбасылық құндылы 1 sagt
Мүрәжәйдән «уақыт іздер 1 sagt
Өзәрә сену, өзәрә көмек 1 sagt
Елбасы: Үкімет пен «Nur 1 sagt
Ақтөбеде ерікті қан тап 1 sagt
Нұрлан Нығматулин: Ұлт 1 sagt
Ұлттық қорғаныс универ 1 sagt
Бала қатыгездігі. Әскер 1 sagt
Судьяға кандидаттың қан 1 sagt
Радек Вондрачек: Қазақс 1 sagt
Дін жастардың өзіне дег 1 sagt
Жамбыл облысында әлеуме 1 sagt
Елбасы төрағалығымен өт 1 sagt