Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-237823143 %57 %

Ұстаздарды артық жұмыстарға тартқан тұлғаларға айыппұл салынады - Ел жаңалықтары | Tengrinews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 03:20 - 2019/09/22


Ұстаздарды артық жұмыстарға тартқан тұлғаларға айыппұл салынады - Ел жаңалықтары | Tengrinews
Ұстаздарды артық жұмыстарға тартқан тұлғаларға айыппұл салынады 19 Қыркүйек, 15:31
0
Ұстаздарды артық жұмыстарға тартқан тұлғаларға айыппұл салынады -

Парламент Мәжілісінде "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасының таныстырылымы барысында ведомство басшысы бұл құжаттың ұстаздар мәртебесіне қатысты мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Біз заң жобасын дайындау барысында педагогикалық қауымдастықтың әр өкілінің өз ойларымен бөлісуіне мүмкіндік бердік. Нәтижесінде жұмыс тобына 18 мыңнан астам түрлі ұсыныс түсті. Бұл ұсыныстарды үлкен төрт бөлімге бөліп қарадық. Бірінші, мұғалімнің құқықтарын кеңейту және оқу жүктемесін азайту. Екінші, материалдық емес ынталандыру. Үшінші, материалдық стимул, төртінші, білім жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар", - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, ұсынылып отырған заң жобасын жүзеге асыру үшін 1 триллион 202 миллиард теңге көлемінде қосымша қаражат қажет.

"Бұл мәселенің бәрі қаржымен қамтамасыз етілуі керек. Сондықтан Парламентте қарастырылып отырған заңның ішінде бюджетке қатысты мәселелер шешілді деп айта аламын. "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы 19 баптан тұрады және ол педагогтарға арналған барлық бағдарламаларды құру, жүктемені қысқарту, мұғалімдерді күтпеген тексерулерден және тән емес функциялардан қорғау бойынша Елбасының тапсырмасын орындауға бағытталған", - деді министр.

Өз сөзінде министр заң жобасында ең бастысы педагогтың құқықтарын кеңейту және оқу жүктемесін қысқартуға мән берілгенін жеткізді.

"Осылайша, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық әдістерін әзірлеу және қолдану, оқу құралдарын таңдау, ақпараттық ресурстарды тегін пайдалану, біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өту нысандарын таңдау бөлігінде педагогтың кәсіби құқықтары кеңейтілді. Сайлау және сайланбалы лауазымдарға орналасуға, ата-аналарға кеңес беруге, қоғамдық бірлестіктердің мүшелігіне кіруге және өзге де жаңа құқықтар енгізілді. Жалпы жаңа заң жобасында педагогтардың құқықтары бойынша 10 жаңа позиция қарастырылған. Олардың барлығы мұғалімнің жеке дамуына және оқу үдерісін жетілдіруге мүмкіндік жасауға бағытталған", - деді білім және ғылым министрі.

Педагогке тән емес функцияларға тартуға тыйым салуды белгілеу, шамадан тыс есеп беру, негізсіз тексерулер жүргізу арқылы жүктемені қысқарту бойынша нормалар жеке көзделген.

"Өзіне тән емес жұмыстарға тартқаны үшін құқық бұзушылық субъектісіне байланысты 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл көзделген. Осыған ұқсас айыппұл жұмыс уақытының нормасын заңсыз арттырғаны үшін де қарастырылған. Сондықтан заң жобасында 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педагог ретінде кәсіби қызметке алғаш рет кірісетін тұлғалар педагог біліктілігінің сәйкестігін растауы тиіс деп болжанады", - деді министр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1050805
Пікірлер

Көрші сілтемелер