Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-237823143 %57 %

Бекзат Нұрдәулетов – әлем чемпионы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 02:30 - 2019/09/22


Бекзат Нұрдәулетов – әлем чемпионы

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында 81 келі салмақта қазақстандық боксшы жеңімпаз болды. Қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов финалда өзбекстандық боксшы Дилшодбек Рузметовпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен 5:0 есебін жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальды салды. Бекзат жекпе-жек басталған сәттен бастап, өзінің қарсыласынан бір бәс жоғары екенін көрсете білді. Естеріңізге сала кетейік, Нұрдәулетов жартылай финалда 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы және Рио-2016 Олимпиада чемпионы кубалық Хулио Сесар ла Крустан басым түсті. Тіпті, жартылай финалдың екінші раундында Нұрдәулетов қарсыласын нокдаунға жіберген болатын. Міне, отандасымыз осындай мықты қарсыластарының барлығын жолдан тайдырып, әлем чемпионы атанды.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль салған Бекзат Нұрдәулетовті құттықтады.

"Құрметті Бекзат!
Барлық жанкүйерлеріңнің және жеке өз атымнан жеңісіңмен құттықтаймын! Төрткүл дүние көз тіккен бәсекеде қарсыластарыңнан бір бәс жоғары екеніңді айқын дәлелдедің. Сенің алтын медальға жету жолында 6 бірдей боксшыны жолдан тайдырып, мықтылығыңды танытқан бұл жеңісің қазақ елінің әлемдік спорттағы орнын айғақтай түсті.
Деніңе саулық, алдағы Токио олимпиадасында да еліміздің көк байрағын желбіретер жарқын жеңістер тілеймін", – делінген құттықтауда.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1050796
Пікірлер

Көрші сілтемелер