Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-22200103422 %78 %

Атырауда қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспановаға ескерткіш ашылды - Ел жаңалықтары | Tengrinews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 01:20 - 2019/09/22


Атырауда қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспановаға ескерткіш ашылды - Ел жаңалықтары | Tengrinews
Атырауда қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспановаға ескерткіш ашылды 17 Қыркүйек, 10:46
3
Атырауда қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспановаға ескерткіш ашылды -

Атырау халықаралық әуежайы алаңында Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған ескерткіш ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

1922 жылдың 15 мамырында Атырау облысында дүниеге келген Хиуаз Ұлы Отан соғысында әскери ұшақпен аспан төрінде майдан салған ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы. Оның ерлігіне бас иген жерлестері әуежай алдында батырға арналған ескерткіш орнату туралы бастама көтерген болатын. Бүгінде бастамашыл топтың ұсынысы қабыл болып, тарихи сәт туды. Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен еліміздің әр өңірінен келген зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ, ескерткіштің орнатылуына бастамашы болғандардың бірегейі - "Айқын" газетінің Атырау облысы бойынша меншікті тілшісі Тұрсын Қалимова мен батырдың бауыры, жерлестері келді. Олар өз кезегінде сөз сөйлеп, Хиуаз Доспанованың батырлығы мен қайсарлығын ұлықтады.

"Ел басына күн туған сәтте ер азаматтармен бірге сапқа тұрды. Мәншүк, Әлия, Хиуаз. Ешкім оларды міндеттемеді. Жүрек қалауымен елдің болашағы үшін өз өмірін құрбан етті. Қазіргі таңда Елбасының тапсырмасымен елдің даму стратегиясында көрсетілген межелердің бірегейі - әйел қауымына үлкен құрмет көрсету. Сондықтан да бүгінгі салтанатты шара барша аналарымызға, қазақ қыздарына соның ішінде бірегейі - Хиуаз Доспановаға құрмет болып табылады", - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Атырау Халықаралық әуежайына орналасқан ескерткіштің биіктігі -2 метр 30 сантиметр. Қоладан құйылған мүсіндік бейнесінде Хиуаз Доспанованың соғысқа аттанған бойжеткен қалпы сақталған. Еске сала кетейік, "Халық қаһарманы" 2008 жылы 20 мамырда өмірден өтті.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1050782
Пікірлер

Көрші сілтемелер