Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-22200103422 %78 %

Еліміздің АТОМ жобасына Жапониядан 300 адам қосылды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 01:20 - 2019/09/22






Еліміздің Тұңғыш президентінің ең маңызды бастамаларының бірі мемлекетті ғаламдық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысына айналдыруы.

Осыған байланысты жойқын қарусыз әлемді қолдаушылар өз елдеріндегі саясаткерлерден Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алуға шақырады. АТОМ жобасына Жапонияда тағы 300 адам қосылды.

Семей ядролық полигоны 42 жыл жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында ел аумағында 500 әуе, жер және жерасты сынағы өткізілді. Бұл әлемде жүргізілген ядролық сынақтардың тең жартысы. Халыққа көп зардап шектірген осы полигонды Нұрсұлтан Назарбаев 1989-шы жапты. Бірақ ядролық қарусыздану мәселесі әлемде өзектілігін жойған емес.

Күлайша Ақтаева, ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасының директоры:

- «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» жобасын жүзеге асырушы елдерді таңдауда кездейсоқтық жоқ. Қазақстан мен Жапония адамзат ақылының керемет жетістігін, атом энергиясын қиратушы мақсатта қолданды. Сондықтан еліміздің Тұңғыш президентінің 2016 жылғы Жапонияға сапары стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісм-шартқа қол қоюмен аяқталды.

Ерлан Баударбек-Қожатаев, ҚР-ның Жапониядағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Жапония еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау ісіндегі бастамаларын, оның ішінде 2045 жылға таяу жойқын қарусыз әлем құру туралы идеясын жоғары бағалайды. Жапония осы саладғы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.

Халықаралық қауіпсіздік және және ядролық қаруды таратпау  мәселесі кез-келген мемлекет үшін маңызды. Бұл саладағы өзгерістер әлемдегі геосаяси ахуалға бірден әсер етеді. Халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың жойқын қаруға тыйым салуды талап етуі де сондықтан.

Кәріпбек Күйіков, АТОМ жобасының елшісі:

- Мен жапон халқына бірлесіп әрекет етудің қажеттігін айтқым келеді. Біздің елдер атом қасіретін бастан кешті. Сондықтан біз өзге мемлекеттердің алданып, жойқын қаруға ие болуына жол бермеуіміз керек. 

Конференция соңында шараға қатысушылар, АТОМ жобасының - ядролық елдерден жойқын қаруды сынауға заңды түрде тыйым салуға шақырған үндеуіне қол қойды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1050781
Пікірлер

Көрші сілтемелер