Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-2218197622 %78 %

Сарыағаш кеден бекетінде ірі көлемдегі героинмен тәжікстандық ұсталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:15 - 2019/09/22


Сарыағаш кеден бекетінде ірі көлемдегі героинмен тәжікстандық ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Сарыағаш ауданы аумағындағы «Жібек жолы» өткізу бекетінде аса ірі көлемдегі есірткі тасымалына тосқауыл қойылды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкілдері көлігіне героин жасырған тәжікстандықты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында екі күнде 50 келіге жуық есірткі анықталды Елордада аса ірі көлемде есірткі табылды Ерке Есмахан, Әли Оқапов есірткіге қарсы роликтерге түсті

Шекара қызметінің мәліметінше, 20 қыркүйек күні кеденшілер мен шекарашыларда «Х.А.» есімді Тәжікстан азаматының автокөлігін тексеру кезінде күдік туындаған. Өйткені көлікте жасырын орын жабдықталғандығы анықталған. Тереңдетілген техникалық тексеру барысында машинаның бамперінен жасырылған спецификалық белгілері бар зат табылады. Тиісті сараптама қорытындысы бұл заттың героин екенін көрсеткен.

«Материалдар белгіленген тәртіппен тіркеліп, азамат «Х.А.»-дан тәркіленген героин және автокөлік сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу үшін құқыққорғау органдарына тапсырылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері еліміздің шекарашылары заңсыз айналымнан 120 келі есірткі затын анықтап, тәркілеген. Оның ішінде - 20 кг героин, 7 кг гашиш, 70 кг канабис шайыры және көптеген көлемде синтетикалық есірткілер бар.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1050780
Пікірлер

Көрші сілтемелер