Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21509174761 %39 %

ҚР Президенті Абай эстафетасына үн қосқан Джек Маға ризашылығын білдірді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:18 - 2019/09/12


ХАНЧЖОУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай жырының эстафетасына үн қосқан «Alibaba» компаниясының негізін қалаушы Джек Маға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан Президенті Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында лекция оқыды Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталды

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Мамен кездескені туралы бұдан бұрын хабарланған болатын.

Мемлекет басшысы Джек Маны Қытай Халық Республикасының 70 жылдық мерекесімен және «Alibaba Group» компаниясының құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікте заманауи технология саласы маңызды рөл атқаратынын айтты.

«Мен сіздің Қазақстанға қолдау көрсетем деген ниетіңізді жоғары бағалаймын. Біз Қазақстан мен Қытайдың арасындағы цифрлық экономиканы дамытуға қатысты стратегиялық келісім жасадық. Осы іске сіздің де атсалысқаныңызды қалаймыз»,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кейін Қазақстан Президенті аталмыш кездесу жайлы Twitter-парақшасында жазды.

«Alibaba» компаниясының негізін қалаушы, бизнес жүргізудің хас шебері атанған Джек Мамен кездестім. Абай шығармаларын оқу эстафетасына қатысқаны үшін ризашылығымды білдірдім. Цифрлық экономиканы дамыту, инновация және IT-салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыладық», - деп жазды ол.

Айта кетсек, бұған дейін Джек Ма қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңін қытайша оқып, эстафетаны кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдаған болатын. Челлендждің жаппай қолдауға ие болуына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үлес қосқан еді. Ол 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейіннен этафетаға еліміз өңірлерінің басшылары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, дипломатиялық қызметкерлер, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері қосылды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасында 2 күндік мемлекеттік сапармен жүр. Қ. Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер өткізді. ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен, ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті.

Сондай-ақ Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-шы отырысына қатысты.

Ал Ханчжоуға сапары аясында инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысты.  Ханчжоу қаласының мәдени нысандарын аралады. Одан кейін Қытай Компартиясының Чжецзян провинциясындағы хатшысы Чэ Цзюньмен жүздесті.



 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047329
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар