Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-20475954488 %12 %

Қазақстанда машина жасау өндірісі артып келеді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:06 - 2019/09/12


Қазақстанда машина жасау өндірісі артып келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 8 айында елімізде машина жасау өндірісінің көлемі 18 пайызға артты. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Еуразиялық одақ ортақ брендпен жұмыс істеуді ұсынды Индустрияландыру аясында машина жасау саласында 114 жоба іске асты - министр Жеңіс Қасымбек: Қазақстандық машина жасау саласы өсімнің өте жоғары динамикасын көрсетіп отыр

«Соңғы жылдары машина жасау саласында тұрақты өсім байқалады. 2018 жылдың қорытындысына машина жасау өндірісінің көлемі алғаш рет 1 трлн теңгелік межені еңсерді. 2019 жылы да жоғары динамика сақталып отыр. 8 айдың қорытындысында машина жасау өндірісінің көлемі өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 18 пайыз өсім көрсетті», - деді ол. 

Вице-министр дерегінше, Қазақстанда автокөлік құралдарының барлық санаттары құрастырылады. 

«Елімізде автомобильдің 167 моделі, оның ішінде 39 жеңіл көлік, 22 әлемдік бренд құрастырылады. 10 жылдың ішінде автомобиль жасау Қазақстанның машина жасау саласындағы драйверлердің біріне айналды», - деді А.Ержанов.

Оның айтуынша, индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жылдарының ішінде машина жасау саласында жалпы сомасы 276 млрд теңгені құрайтын 114 жоба жүзеге асырылып, шамамен 11 мың жұмыс орны құрылған. Локомотив,  трансформатор, коммуналдық жабдықтар, оптикалық құралдар сынды жаңа өнімдер шығарыла бастады.
 
«Мұның барлығы да мемлекеттің табысты өнеркәсіптік саясатының арқасында жасалып жатыр», - деді вице-министр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047219
Пікірлер

Көрші сілтемелер