Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-20398850588 %12 %

Таразда көппәтерлі тұрғын үйлерге ыстық су беріле бастады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:00 - 2019/09/12


ТАРАЗ. ҚазАқпарат –  Таразда көппәтерлі тұрғын үйлерге ыстық су беріле бастады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешеден бері «Таразэнергоорталығы» АҚ-на қарасты РК-4 магистралі бойынша ыстық су берілуін қамтамасыз ету қазандығы іске қосылған. Магистральдің су-құбыр жүйесі ыстық сумен толтырылуда.

Айта кету керек, биыл қалада ыстық су тарату жұмыстары жылдағы жоспардан бір ай ерте басталды. Тараз қаласы бойынша ыстық су алатын тұтынушылардың жалпы саны - 610 тұрғын үй.

«Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Тараз қаласының тұтынушыларын 11 қыркүйектен бастап ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. «Тонкуруш», «Сәтпаев», «Телецентр» массивтеріне және қала орталығының біршама бөлігіне ыстық су 1 қазанға қарай, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін беріледі»,-деп мәлім етті облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының жылу-энергетика бөлімінен. 

Сондай-ақ, оның айтуынша қала тұтынушыларын ыстық сумен қамтамасыз ету, жылыту маусымына дейін үздіксіз жүзеге асырылмақ.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047216
Пікірлер

Көрші сілтемелер