Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-20398850588 %12 %

Алматыда 1 сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 16:30 - 2019/09/12



Алматыда 1 сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті


1-сынып оқушысы мектептің терезесінен секіріп кетті. Бұл оқиға Алматыдағы №80 жалпы білім беретін мектепте болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі топқа бөлініп оқытылатын қазақ тілі сабағы аяқталған кезде пән мұғалімі оқушыларды өз сыныптарына апарған. Ал бір бала партаның астына жасырынып қалыпты. Мұғалім оны байқаймай сабақ өткен бөлмені құлыптап кеткен. Оқушыларының бірі жоқ екенін байқаған сынып жетекшісі баланы қазақ тілі кабинетінен іздепті. Бірақ бұл сәтте 6 жастағы бала  мектептің екінші қабатынан секіріп үлгерген.

Дінмұхамед Рузуддинов, №1 қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Тексерілістен кейін балаға қосарланған жарақат, бас миының шайқалуы, екі қолының сынығы және іш пердесінің соғылуы деген диагноз қойылып, кеше бала жансақтау бөліміне жатқызылады. Бүгін таңертен бала травматология  бөлімшесіне  ауыстырылды. Қазіргі жағдайда баланың жағдайы орташа.

Гүлнәр Қожабергенова, қалалық білім басқармасының басшысы:

- Бұндай келеңсіз жағдай болғаннан кейін, тікелей мұғалімдердің кінәсі болғаннан кейін, кеше мектеп директоры, қазақ тілі мұғалімі мен сынып жетекшісіне қатаң сөгіс жарияланды. Бүгін мектептің директорын шақырып, осындай жағдайға жол бергені үшін әрине, біріншіден ол баланың өміріне жауапты болғандықтан, мен сөгіс жарияладым. Әрине, бұл біз үшін өте қиын жағдай.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1047195
Пікірлер

Көрші сілтемелер