Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-22850323838 %62 %

БҚО-да жөнделіп жатқан жолдардың сапасы қатаң қадағаланбақ - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықта



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 15:50 - 2019/09/12



БҚО-да жөнделіп жатқан жолдардың сапасы қатаң қадағаланбақ


Батыс Қазақстан облысында күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан жергілікті маңыздағы жолдардың сапасын арнайы зертхана мамандары анықтап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жұмыстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің «Жол сапасы – адалдық алаңы» атты жобасы аясында атқарылып келеді. «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» мамандары мен мониторингтік топ өкілдері айына бірнеше мәрте құрылыс басына барып, тиісті сынамалар алған. Нәтижесінде Федоровка-Ақсай жолын жөндеу барысындағы кемшіліктер түзетілген. Тиісті мекеме басшылары бұл тұрғыда жұртшылықты белсенді болуға шақырады.

Зауырбек Қыпшақбаев, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК БҚО филиалының қызметкері:

- Айына екі және төрт мәрте тапсырысшымен техникалық қадағалау, мердігерлермен жол сапасы тексеріледі. Тексеріс нәтижесі бойынша Федоровка-Ақсай жолының қалыңдығы, сонымен қатар асфальт-бетон жамылғысының суға қанықтылығы мен тығыздығы сәйкес келген жоқ. ҚР нормативтік құжаттарымен сол ақауллықтар түзетілді.

Біржан Хайруллин, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Егер де сіздің көшеде жол жөндеу жүріп жатыр ма, соны бірге мониторинг жүргізейік. Сіз маманы болмасаңыз да құрылыс жүріп жатыр ма, жүріп жатқан жоқ па, қолданылған материал салып жатқан жоқ па, соны көруге мүмкіндік бар ғой. Фото, видео салып жіберсеңіз, мердігерлер қоғам бақылауын бар екенін көрсе, сапалы салуға тырысады. Себебі біз бюджеттік қаржының әрбір тиыны мақсатты жұмсалуына қадағалау жүргізуіміз керек.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1047171
Пікірлер

Көрші сілтемелер