Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-16872260139 %61 %

Тяншан торы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Тәңіртау торабы

Жолданған уақыты: 15:40 - 2019/09/12


аз ұлттардың 11 - кезекті мемлекеттік дәстүрлі спорт жарысын ұйымдастыру көмиссясі ақпар жарялау мәжілісін ашты

районымыз аз ұлттардың дәстүрлі спорт түрінен жиыны 629ды кәдеге жаратып, ретке салды

  тылшы жың июан 9 - айдың 10 - күні жыңжоудан хабарлайды. 9 - айдың 10 - күні, аз ұлттардың 11 - кезекті мемлекеттік дәстүрлі спорт жарысын ұйымдастыру көмиссясі жыңжоудағы олимпяда дене тәрбие орталығында ақпар жарялау мәжілісін ашып, осы кезекті аз ұлттардың мемлекеттік спорт жарысына қатынасып жатқан шинжяң уәкілдер үйірмесі, хилұңжяң уәкілдер үйірмесі, хунан уәкілдер үйірмесінің жарысқа қатынасу жағдайы және ұлт істерінің даму жағдайын жарялады.

  ақпар жарялау мәжілісінде шинжяң уәкілдер үйірмесінің орынбасар бастығы, автономялы райондық ұлт істері көмитетінің (дын істері мекемесінің) меңгерушісі (мекеме бастығы) махмұт осман: қазыр шинжяң аз ұлттардың дәстүрлі спорт түрінен жиыны 629ды кәдеге жаратып, ретке салды, - деп таныстырды.

  осы кезекті мемлекеттік ұлттық спорт жарысындағы шинжяң уәкілдер үйірмесі ұйғұр, ханзу, қазақ, хұйзу, қырғыз, моңғұл, сібе, тәжік, манзу, өзбек, орыс, дағұр, татар қатарлы 13 ұлттың спортшылары, бәпкерлері, жетекшілері, қізметкерлер және сол арада тұратын ойын көрсетушілер сяқты 260 адамнан құралған. ұлттық ат өнері, ұлттық дене шынықтыру гимнәстикәсі, ұлттық сайыс өнері, ұлттық күрес, жаяу тартыс, алтыбақан сяқты 6 жарыс түрі, дауаз, сарғайди, ат үстінде күш сынасу, қызқуар, мәррә добы сяқты 5 ойын көрсету түріндегі жарысқа қатынасады. мұның ішінде, жарыс түрлерінен ұлттық күрес, жаяу тартыс, алтыбақан, өнер көрсету түрінен дауаз, сарғайди сяқтылар шинжяң уәкілдер үйірмесінің басымдыққа ие түрлері. 9 - айдың 10 - күніне деиін, шинжяң уәкілдер үйірмесі алтыбақан түрінде үш 2 - дәрежелі силыққа ие болып, шинжяң уәкілдер үйірмесіне жақсы бастама әперді.

  шинжяң уәкілдер үйірмесінің орынбасар бастығы, автономялы райондық дене тәрбие мекемесінің орынбасар бастығы жүрәт қасым былай деді: ”шинжяң уәкілдер үйірмесіндегі әр ұлт спортшылары осы кезекті аз ұлттардың мемлекеттік спорт жарысы кезінде туысқан өлке, қала спөртшіләрімен бірге жаттығу, жарысқа түсу, пікір ауыстыру орайын қәстерлеп, тасқындаған жігер және ең тамаша бәсеке күйімен жарысқа ат салысып, жарыс нәтижесі мен рухани өркениет сынды екі жақта мол нәтиже жаратуды жүзеге асыруға ұмтылып, үздік нәтижемен қанағаттанарлықтай жауап қағазын қайтарады“.

  аз ұлттардың дәстүрлі спорт қимылдары бай мазмұнды болып, әр ұлт бұқарасының мәдениет тұрмысын зор дәрежеде байытты. ұғысуға қарағанда, шинжяң осыдан ілгері 10 кезек аз ұлттардың мемлекеттік дәстүрлі спорт жарысына қатынасқан, автономялы район әр 4 жылда бір кезек аз ұлттар дәстүрлі спорт жарысын өткізіп қана қалмастан, 14 аймақ, облыс, қала мен көп санды аудан, ауылдар да ауыл шаруашылығының саябыр кезінде түрліше формадағы аз ұлттар дәстүрлі спорт жарысын өткізіп тұрады екен.

жауапты редәктөр : сайраш тұраржан

ескерту:

торабымыздағы мазмұндардың меншік ұқығы шинжяң ұйғұр автономялы райондық халық үкіметі ақпарат кеңсесіне тән, жаряланған мазмұндарды сілтемесіз көшіруге болмайды. көшіріп пайдалануға тура келгенде, «тяншан торы » алынғаны анық ескертілуі тиыс, болмаса заңдық жәуәпкерлігі қузастырылады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=22&id=1047163
Пікірлер

Көрші сілтемелер