Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-22850323838 %62 %

Мердігер мекеме Алға-Қарабұлақ жолының құрылысын жалғастырудан бас тартты - Қазақстан және әлемдегі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 15:30 - 2019/09/12






Асфальт төсеуі тиіс мердігер мекеме жұмысын жарты жолдан тастап кетті.

Құрылысшылар жобалық-сметалық құжатта көрсетілген баға тым арзан дейтін көрінеді. Бұл туралы тапсырыс беруші Ақтөбе облысының Алға ауданы әкімдігі мәлімдеді. 40 жылға жуық жөндеу көрмеген Алға-Қарабұлақ жолындағы дау қоғамдық бірлестіктердің де назарына іліккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аудан орталығынан Қарабұлақ ауылына дейінгі жолды жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар осыдан бес жыл бұрын дайын болған. Алғашқы қаражат республикалық бюджеттен бөлінсе, артынша жергілікті қазына мердігердің есепшотына қаржы бөліп отырады. Алайда жоспардың құрылғанына 5 жыл өткеніне қарамастан 40 шақырым жолдың құрылысы әлі күнге дейін аяқталмай келеді.

Расул Қадырбергенов, Алға ауданы әкімінің орынбасары:

- 2016 жылы мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша республикалық бюджеттен 165 млн теңге бөлініп, 7,3 километр шамасында асфальт жабындысы төселді, 2017 жылы 400 млн теңге бөлініп, 14 шақырым асфальт жабындысы төселді. 2018 жылы облыстық бюджеттен 250 млн теңге бөлініп, 10 км асфальт жабындысы төселді.

Биыл жергілікті бюджеттен тағы 100 миллион теңге бөлінгенімен су жаңа жолды аңсаған тұрғындардың арманы тағы да жүзеге аспайтын сыңайлы. Себебі жолдың 9 шақырымға жуығы жаңартылмаған. Аудан әкімінің орынбасары Расул Қадырбергенов мердігер мекеменің жұмысты жалғастырудан бас тартқанын да жеткізді. Жүктелген міндеттен айнып, істі бел ортадан тастау себебін құрылыс компаниясынан білмек болдық. Алайда мердігер мекеме өкілдері байланысқа шығудан бас тартты.

Шиеленіске ұшыраған мәселе «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мамандарының назарына да ілікті. Бюджеттен бөлінген қаражаттың шашау шығармай жұмсалуын қадағалайтын өкілетті орган өткен жылы төселген асфальттың сапасына да баға берген болатын. Мамандандырылған зертхана сынама алып, тиісті сараптама жүргізуде. Оның қорытындысы алдағы күндері белгілі болады.

Жанболат Тұртаев, «Ақтөбеадалдық алаңы» сарапшылар кеңесінің басшысы:

- 2016 жылғы және 2017 жылы салынған жолдардан сынама алынды бірінші және он төртінші шақырымнан. Ешқандай лабараториясыз да көзбен көргенде жол полнолстью бұзылып қалған. Ана жерде жол салынған емес, салынбағандай, полностью бұзылып қалған. келісімшарт бойынша салынған жолға үш жылдық кепілдік беруі керек.

Аудандық әкімдік мердігер мекеменің жауапсыздығына назалы. Сотқа арызданып, істің ақ-қарасын анықтауды фемида өкілдеріне жүктеген. Ал, тұрғындарға екі жақтың текетіресі тәмәм болғанша шыдауға тура келеді. Себебі соттың үкімі шықпай бір сүйем жерге де асфальт төселмейді.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1047157
Пікірлер

Көрші сілтемелер