Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-131000392439 %61 %
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-15946325237 %63 %

Ресей бейбіт көрші ме, әлде экпанциялаушы ел ме?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 15:20 - 2019/09/12



РФ біздің бейбіт көршіміз бе, әлде Орталық Азияны рухани-мәдени жаулауды көздеген аяр ма? Бұрын ұлттық санамызға «Космомольская правда», «АИФ» т.б. секілді ресейлік газет-журналдар шабуыл жасаушы еді. Енді елімізде тіркелгені бар, ел аумағынан тыс, ТМД елдерінде тіркелгені бар, орыс тілді сайттар да ақпараттық соғысты тынымсыз жасап жатыр-ақ. Солардың бірі – түрлі ресейлік «Вести» сайты.

Ксения Березовская басқаратын Мәскеудегі «vesti.uz» сайты өзағаңдарды көкке көтеріп, қазақ пен қырғызды әм тәжікті жерден алып жерге салуды дағдыға айналдырып алған. Бұл сайт 14.04.2017 жылы Ресейде тіркелген. Тіркеу нөмері: № ФС77-69262.

Осы жолы 11 қыркүйек күні осы сайттың жорналшысы Кирилл Поздняковтың «Почему Нур-Султан, но Алматы?» деп аталатын ел ішіне, қоғамдық ойға іріткі салатын мақаласы жарық көрді.

«Алматы қаласы бойынша «жаңаша – Алматы дейміз бе, әлде ескіше – Алма-Ата дейміз бе?» деген Nur.kz сайты жүргізген сауалнама барысында, жұрттың 78% ескі атауды құп көрді»,- деп Кирилл Поздняков бөркін аспанға атады. Әрі Елбасымызды жер-су атын қалпына келтіргені үшін әжаулауды да еш ұмытпайды. Сөйтіп былай дейді:

«Что не удивительно. Русское название города, во-первых, грамотнее, а во-вторых, куда красивее.

Напомним, блеклое Алматы появилось в первые годы независимости, когда языкознанием, вслед за Иосифом Сталиным, занялся инженер-металлург Нурсултан Назарбаев. Под его «мудрым» руководством были переименованы сотни и тысячи русских названий улиц, площадей, поселков и городов».

Одан ары қазақтың өз қалаларын қалай атауы керектігі жөнінде төмендегідей кеңес береді:

«Любопытно, что когда пришла очередь называть именем бывшего президента Астану (Целиноград), то отчего-то «вспомнили» о русском дефисе и получился Нур-Султан, хотя имя Назарбаева пишется слитно. Но с дефисом-то куда эффектнее!».

Бақсам бақа екен дегендей солтүстіктегі көршімізге Орта Азия елдерінің өз жер-су атауларын қалпына келтіргені еш жақпайды екен.

«Опрос казахских журналистов лишний раз показал, что язык живет своей жизнью и нечего в него вмешиваться, даже на самом высоком уровне. Тем более, в «великий и могучий» с правилами из другого языка, наперекор С. Ожегову и В. Далю.

Между прочим, Борис Ельцин свои специальным указом еще в 1993 году быстренько отменил все эти Алматы, Ашгабады, Кыргыстаны, Молдовы и прочие придумки «местных товарищей». Это на заметку «грамотеям», которые уверены, что пишут на русском», депті.

Жорналшы бұнымен тоқталып қалмай қазақ лингвистикасының кейбір жөн-жосығын өткен ғасыр басында Константин Юдахин жасап берді деп, айды аспанға бірақ шығарады. Енді осы бір жаңалықты аудармасыз бере кетейік:

«Всем потенциальным спорщикам, хочется напомнить, что первый словарь казахского языка, его правописание, синтаксис еще при Николае Втором составил Константин Юдахин, выпускник Ташкентской учительской семинарии. Впоследствии он стал светилом, его бюст и сегодня перед зданием Академии наук Киргизии».

А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсініп, сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулық мәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеген кезде Константин Кузьмич Юдахин (1890—1975) 20-дағы жігіт қана болатын. Бірақ оның қазақ әліпбиін тұтынып, 1924 жылға дейін төте жазуды қолданған қырғыздарға әліпбиін түзіп, грамматикасы жасап бергені тарихи шындық.

Түйін. Орталық Азияны рухани-мәдени жаулауды көздеген РФ экспанциясының түрлі құйтырқылығына бауырлас ұлттар бірлесіп тосқауыл қою міндет. Үкімет осындай елімізде тұрып, Қазақстан туралы жалған ақпарат таратын, шынайы фактіні бұрмалайтын ресейлік жорналшылар мен шетелдік сайттарға қатысты шара қолдануы керек. Әйтпесе, «жаман үйді қонағы билейді» деген аталы сөздің растығына көзіңді жеткізіп, «неге біз осы намыссызбыз?» деп налудан басқа қолымыздан ештеңе келмейді.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1047151
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Пойыз бен автобустың со 24 sek
Бокстан әлем чемпионаты 3 min
Пойыз бен автобус соқты 12 min
Бокстан әлем чемпионаты 18 min
Діни бірлестіктермен ба 21 min
Сенбілік кейінге шегері 26 min
ҚПЛ: «Астана» мен «Қайр 27 min
Пойыз бен автобустың со 1 sagt
Бас мүфти Сенат төрағас 1 sagt
Пойыз бен автобустың со 1 sagt
Алматы облысында жолауш 1 sagt
Алматы облысында жолауш 1 sagt
Күрес түрлерінен ӘЧ: Ал 2 sagt
Шинжяң хабарлары шинжяң 2 sagt
Президент алматылықтар 2 sagt
Шинжяң хабарлары автоно 2 sagt
Атырау облысында жол ап 3 sagt
Бокс: Ресейдегі әлем че 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев алм 3 sagt
Атырауда бір тәулікте 9 3 sagt
Елордада тазарту құрылғ 3 sagt
Нұр-Сұлтанда күрестен ә 3 sagt
БҚО-да тұрғын үйде өрт 4 sagt
Нұр-Сұлтанда күрестен ә 4 sagt
Қазақстанда апта ішінде 4 sagt
Жас эквилибрист Әмина С 4 sagt
Сауд Арабиясында дронда 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt