Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-131000392439 %61 %
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-15946325237 %63 %

Дипломат – Қанат Саудабаев



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 15:10 - 2019/09/12


Дипломат – Қанат Саудабаев

23 жыл бойы мәдениет саласында режиссер болып қызмет еткен адамның тәуелсіз елдің алғашқы Елшісі болуы қызық та болса, ақиқат. Бұған егемен Қазақ­станның тұңғыш ел­шісі болған Қанат Саудабаевтың өмірі дәлел.

Режиссерліктен елшілік қызметке бет бұру өзі үшін де күтпеген шешім болғанын бір сұхбаттарында айтқан Қанат Бекмырзаұлы сол тұстағы Қазақ КСР Президенті болған Н.Ә.Назарбаевтың өзіне енді Мәскеумен басқаша қарым-қатынас орнайтынын, Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының, Кеңес Одағының да енді болмайтынын айтқанын еске алады. «Осындай қиын кезеңде Орталықтағы жағдайдың беталысын маған жедел хабардар етіп отыратын әрі қажет болса М.Горбачев және Б.Ельцинмен т.б тұлғалармен, соның ішінде шетелдік елшілермен тікелей байланысқа шыға алатын Мәскеуде сенімді өкіл қажет» деп айтқан Н.Назарбаев Қазақ КСР-дің КСРО-дағы Өкілетті Елшісі етіп Қанат Саудабаевты бекіткен. Былайша айтқанда бұл фактілі тұрғыда Қазақстанның тұңғыш Елшісі лауазымына тағайындау еді. «1992 жылға дейін Мәскеуде жұмыс істеп, билікті ұстаушылардың қайғылы жайттарын, күш пен әлсіздіктің, ерлік пен сатқындықтың, ұлы елдің құлдырап жатқандығының куәсі болдым», – деген Қанат Саудабаев Елші болған алғашқы күннен-ақ Н.Назарбаевтың тапсырмасымен шетелдік елшілермен қарым-қатынасты нығайта бастайды. «Біз ядролық держава елдерінің елшілерімен кездесе бастадық. Олар Қазақстан аумағындағы орасан зор ядролық әлеуетке байланысты дабыл қаққан еді. Бұл мемлекеттер әлбетте Кеңес одағының ядролық қаруының таралып кетуіне қарсылық танытқан емеуріндерін анық байқатқан еді. Ал Қазақстан 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялаған сәтте біздің егемендігіміз шеру іспетті мойындала бастады. Қазақстан егемендігін алғаш болып таныған елдер қатарында Түркия мен АҚШ болды. Сол тұстағы Түркия басшысы Тұрғұт Озал мен АҚШ Президенті үлкен Джордж Буш пен Нұрсұлтан Назарбаев арасында тығыз қарым-қатынас орнаған еді»,  –  деп еске алады сол жылдарды Қанат Бекмырзаұлы.

15 жылға жуық уақыт бойы Қазақстанның маңызды елдердің астаналарында, атап айтқанда Мәскеуде, Анкарада, Лондонда, Вашингтонда Елші болған Қанат Саудабаев Елші әрі министр ретінде алғашқы күндерден-ақ Н.Назарбаевтың жетекшілігімен маңызды шетелдік делегациялармен келіссөздерге қатысады. 2011 жылғы 12 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындалады.

Қанат Саудабаев 1968 жылы Ленин­гра­д мемлекеттік мәдениет институтын режиссер мамандығы бойынша тәмамдаған. 1988 жылы КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясын аяқтады. 1972 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің шешімімен 25 жастағы Қанат Саудабаев Қазақ мемлекеттік циркінің тұңғыш басшысы болып тағайындалады.

Ал 1977 жылы отыз жасында Мәдениет министрінің орынбасары лауазымына тағайындалады. Жетпісінші жылдар қазақ мәдениеті тарихының ұшпағы болған кезең еді. Сол тұста Қанат Саудабаевтың ұйымдастырушылық қабілеті, қарқынды еңбегі көрінді. Ал 1983 жылы мемлекеттік киноның төрағасы болады. Бұл туралы Қ.Бекмырзаұлы «1983 жылы 17 желтоқсанда мені Д.А.Қонаев шақырды, сосын менімен мәдениеттің жай-күйі туралы шешіле отырып сөйлесті. Театр мен музыканың жайын қалыпты бағалап, қазақ киносына қатысты көңіліне кірбің түсірген жайттар туралы да ашық айтты. Кездесу қорытындысы бойынша мен Қазақ КСР Мемлекеттік киносының Төрағасы лауазымына тағайындалатын болдым»,  – дейді. Қазақ киносының өсуіне де айтарлықтай үлес қосқан Қ.Саудабаев Мемлекеттік киноға төрағалық еткен жылдардан бірнеше жыл өткеннен кейін қазақ киносында қарыштап даму байқалып, жаңа толқындар пайда болды.

Кинодағы жемісті еңбегінен кейін ел­ші­лік қызметке, мемлекеттің мүддесі үшін әрі қарай сыртқы саясатта жұмыс істеу бұйы­рады. Тарихқа есімі алтын әріппен жазылған Д.А.Қонаев, Н.Ә.На­зар­­баевпен жақын қарым-қатынаста болып, саясаттың жай-жапсарын меңгеріп, мә­мі­легер­лік­те де жоғарыда атап өткеніміздей ауыз толтырып айтарлықтай қызмет етті. Кейін­гі қызметі де мемлекеттік жұмыс ба­бымен байланысты болды. 2007 жылы «На­зарбаев орталығы» көпсалалы ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2015 жылдан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Міне, өмірдің жолы сан қырлы деген осы болар. Мәдениет саласынан шоқтығы биік әрі қыруар еңбек пен терең білім­ді­лікті қажет ететін дипломатия саласында жемісті еңбек ету екінің біріне беріле бермейтін бақ әрі жауапкершілік. Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев сондай атаулы міндетке ие болған азамат. «Құрмет», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұң­­­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен, мерейтойлық ордендерімен марапатталды. Бүгінде ұлы Ермек Саудабаев әкесінің ізін жалғап, елшілік қызметте жүр.

Қызықты әрі сан қырлы өмір жолын кешкен Қанат Саудабаевтың есімі Қазақ­стан мәдениеті мен дипломатиясында жаң­­ғырып, ел үшін сіңірген еңбегі елене береді.

Олжас БЕРКІНБАЕВ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1047147
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Пойыз бен автобус соқты 2 min
Бокстан әлем чемпионаты 8 min
Діни бірлестіктермен ба 11 min
Сенбілік кейінге шегері 16 min
ҚПЛ: «Астана» мен «Қайр 17 min
Пойыз бен автобустың со 23 min
Бас мүфти Сенат төрағас 26 min
Пойыз бен автобустың со 1 sagt
Алматы облысында жолауш 1 sagt
Алматы облысында жолауш 1 sagt
Күрес түрлерінен ӘЧ: Ал 2 sagt
Шинжяң хабарлары шинжяң 2 sagt
Президент алматылықтар 2 sagt
Шинжяң хабарлары автоно 2 sagt
Атырау облысында жол ап 2 sagt
Бокс: Ресейдегі әлем че 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев алм 3 sagt
Атырауда бір тәулікте 9 3 sagt
Елордада тазарту құрылғ 3 sagt
Нұр-Сұлтанда күрестен ә 3 sagt
БҚО-да тұрғын үйде өрт 3 sagt
Нұр-Сұлтанда күрестен ә 4 sagt
Қазақстанда апта ішінде 4 sagt
Жас эквилибрист Әмина С 4 sagt
Сауд Арабиясында дронда 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Қазақстан Президентінің 4 sagt
Қазақстандық боксшы жең 4 sagt