Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-131000392439 %61 %
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-15946325237 %63 %

Желтоқсан айына дейін төрт облыста аламан айтыс өтеді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 15:10 - 2019/09/12


«Nur Otan» партиясының қолдауымен өтетін айтыс «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Nur Otan» партиясы, «Qazaqstan» РТРК және «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Үшжақты келісімге сәйкес, жыл соңына дейін «Nur Otan» партиясының қолдауымен еліміздің бірнеше аймағында өтетін барлық айтысты «Qazaqstan» телеарнасына ақпараттық сүйемелдеуге, яғни, сөз аламанын түсіруге және эфирге шығаруға құқық береді» деп жазды партияның баспасөз қызметі.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бұған дейін өзінің Instagram парақшасында «Nur Otan» партиясының доктринасында қазақ тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін дамыту қоғамдық бірлестіктің стратегиялық басым бағыттарының бірі екені туралы айтқан.  Осы орайда,  «Nur Otan» дарынды шығармашыл жастарды қолдай отырып, төл өнеріміз бен ұлттық спорт түрлеріне ұдайы қамқорлық жасап келеді. 

«Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен-ақ Елбасы ұлтымыздың ұлы мұрасын, озық дәстүрлері мен мәдени қазынасын түгендеуге, оларды заманға сай түлетіп, жаңғыртуға ерекше ден қойды. Халық өнерінің өркендеуіне жағдай жасап, дарынды жандарға жол ашты. Елбасының тікелей бастамасымен іске асырылған «Мәдени мұра» жобасында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында да ұлттық рухани мұрамызды, құнды жәдігерлерімізді, спорттық ойындарымыз бен өнер сайыстарын түгендеп, дамытуға ерекше мән берілген. Ежелден «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, хан алдында дат айтып, еркін ойға ерік берген, баршаға бірдей теңдік берген елміз. Сондықтан ұлтымыздың осындай озық өнерін, ізгі дәстүрлерін жалғастыру бізді кемелдендіре түседі. Осыған орай, партия Төрағасының бастамасымен қайта жаңғыруға кірісіп, екінші тынысы ашылып отырған саяси ұйымымыз айтысқа айрықша назар аударып отыр» деп жазды Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, партияның баспасөз қызметі, айтыс өтетін өңірлерді жазды.

12-13 қыркүйекте Атырау қаласында Фариза Оңғарсынованы еске алуға арналған «Жыр жұлдызы – Фариза» атты республикалық айтыс өтеді. Айтыс десе арқасы қозатын көпшілік алдында белгілі айтыскерлер өнер көрсетеді.

18-19 қыркүйекте Қарағандыда Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс болады. Бұл аламанға жергілікті айтыскерлерден бөлек Қырғызстан, Қытай және Моңғолия елдерінен келген суырып салма сөз майталмандары қатысады.

30 қыркүйекте Алматыда «Отан отбасынан басталады» атты отбасылық айтыс, ал 19 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында «Береке бірлігіңде, елім» деген атпен тағы бір аламан өтпек.

Биыл өтетін жыр бәйгелерін Орал қаласында 7-8 желтоқсанда өтетін «Алтын домбыра» республикалық фестивалі түйіндейді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1047145
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алматы облысында пойыз 2 min
Пойыз бен автобустың со 11 min
Бокстан әлем чемпионаты 14 min
Пойыз бен автобус соқты 23 min
Бокстан әлем чемпионаты 29 min
Діни бірлестіктермен ба 1 sagt
Сенбілік кейінге шегері 1 sagt
ҚПЛ: «Астана» мен «Қайр 1 sagt
Пойыз бен автобустың со 1 sagt
Бас мүфти Сенат төрағас 1 sagt
Пойыз бен автобустың со 1 sagt
Алматы облысында жолауш 2 sagt
Алматы облысында жолауш 2 sagt
Күрес түрлерінен ӘЧ: Ал 2 sagt
Шинжяң хабарлары шинжяң 2 sagt
Президент алматылықтар 2 sagt
Шинжяң хабарлары автоно 2 sagt
Атырау облысында жол ап 3 sagt
Бокс: Ресейдегі әлем че 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев алм 3 sagt
Атырауда бір тәулікте 9 3 sagt
Елордада тазарту құрылғ 3 sagt
Нұр-Сұлтанда күрестен ә 4 sagt
БҚО-да тұрғын үйде өрт 4 sagt
Нұр-Сұлтанда күрестен ә 4 sagt
Қазақстанда апта ішінде 4 sagt
Жас эквилибрист Әмина С 4 sagt
Сауд Арабиясында дронда 4 sagt