Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-20398850588 %12 %

Қазақ байыса... шетелден үй алатын болды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 14:50 - 2019/09/12


Қазақ байыса... шетелден үй алатын болды

Бүгінде шетелде үйіңнің болуы – тренд. Ақшасы барлар жайлы қонысты елден емес, шалғайдан іздеуге көш­кен сыңайлы. Несін жа­сы­райық, осы күні әлемнің екі шетінде де тұра алу, көңілің қалағанда көл жағасындағы үйіңе ұшып бару – көптің арманы.

Соңғы жылдары ел тұрғындары шет­елден тұрғын үй және коммер­ция­лық нысандарды сатып алуды жиі­лет­кен. Бұл туралы шетелдік жылжымайтын мү­лікке арналған инвестициялар жө­нін­дегі конференцияда айтылды. Жыл­жы­майтын мүлік нарығы мамандарының сөзіне сүйенсек, қазақстандықтар көбіне Түркия, Солтүстік Кипр, Испания, Бол­га­рия, Германия, АҚШ, Чехия, БАӘ, Италия, Ка­нада, Таиланд секілді елдерден  баспана іздейді екен.

Еуразиялық экономикалық ынты­мақ­тастық ұйымының шетелдік жыл­жы­майтын мүлік комитетінің вице-пре­зи­денті Елена Кволек-Румянцеваның ай­туын­ша, шетелден алынатын жыл­жы­майтын мүліктің орташа бағасы таң­дауыңыз түскен мемлекеттің нарықтық жағдайына байланысты әрқилы. Мәселен, Болгарияда пәтерлердің бағасы 15 мың еуродан басталса, Дубайда –   250 мыңнан, Сол­түстік Кипрде – 40 мыңнан, Оңтүстік Кипрде – 80 мыңнан, ал Түркияда  50 мыңнан басталады.

– Шетелден баспана сатып алуға қа­зақ­стандықтардың ынтасы жоғары. Дамыған елдерге қоныс аударып, өмір сапасын жақсартқысы келетіндер көп. Бір ерекшелігі, қазақстандықтар шағын аумақты жерлерді ұнатпайды. Мысалы, олар Кипрдегі виллаларды сатып ал­майды. Олар бұл елде үлкен учаскелерге 1000 – 1500 шаршы метрлік тұрғын үйлерін салғанды жөн көреді. Екіншіден, Қазақстан тұрғындары балаларға білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Солтүстік және Оңтүстік Кипрде білім алу айтарлықтай қолжетімді. Сондықтан Кипр қазақстандықтар жылжымайтын мүлік сатып алатын елдердің ондығына кіреді. Бұдан бөлек, шетелде тұрғысы келетін Қазақстан азаматтары теңгенің жақсы қызмет көрсеткенін қалайды. Сондықтан олар Испания, Болгария, Таиландтан жалға пәтер алады. Тұрғын үйді сатып алғанда да коммерциялық компонент туралы, капиталды сақтау және көбейту туралы ойлайды, – дейді Елена Кволек-Румянцева.

Сұраныс артқандығының тағы бір дәлелі – соңғы уақытта елімізде шет­елден үй сатып алудың түрлі жеңіл жол­дарын насихаттайтын әрі ұсынатын ком­па­ния­лар көбейді. Солардың бірі – «Афик груп» халықаралық құрылыс ком­паниясы. Ас­тана, Алматы және Шым­кент қала­ла­ры­ның тұрғындарымен кездесіп, арнайы конференция өткізіп, Солтүстік Кипрден үй алуға үндеп жүрген ком­пания өкіл­де­рінің айтуынша, аралдан баспана сатып алудың түк қиындығы жоқ. Ондағы үй­лердің бағасы отандық пәтерлер құнынан қымбат емес. Пәтер, вилла тіпті тау­н­хаустың әр шар­шы ме­тріне 900 доллар тө­леп сатып алуға бо­латын көрінеді.

«Біз, қазақстандықтар, тура бір жыл бұрын Солтүстік Кипрге көшкен бола­тын­быз. Онда бәрі қолжетімді әрі жанға жайлы орын. Адамдары да өзіміз секілді ашық. Табиғаты да тамаша. Ең қуан­тар­лығы, тұрғын үй бағасының қолже­тім­ділігі. Сосын бірден бұл жайлы отандас­та­рымызбен бөлісуді жөн деп таптық. Себебі өз өмірін тыныш жерде, табиғат аясында өткізгенді құп көретіндер көп. Біздің компания арқылы өзіңізге ұнайтын тұрғын үйді онлайн таңдауға не болмаса аралдың өзіне барып таңдауға болады. Теңіз жағасындағы үйді пайызсыз бөліп төлеуге немесе 7 жылға несиеге ала ала­сыз», – дейді «Афик груп» компа­ниясының Орталық Азия және Қазақстан бойынша директоры Екатерина Мунатаева.

Солтүстік Кипрдің жұмақ мекен екені талассыз. Жерорта теңізінің жағасындағы ондаған аралда 300 күн бойы күн шуа­ғына қыздырынуға болады. Тұрғын үй кешендерінің аумағында балалар алаң­дары, спорттық клубтар, аквапарктер мен бассейндер бар. Бұдан бөлек, жергілікті  риэлторлар аралда қылмыс деңгейінің төмендігін алға тартады. Сондықтан бұл елден жылжымайтын мүлік алуға ниетті отандастарымыздың көбею сырын түсі­нуге болатындай. Солардың бірі – шым­кенттік Әсия Қаратаева.

«Менің ойымша, Кипрден баспана алу­ға қарапайым қазақстандықтардың мүмкіндігі жетеді. Пәтерлер қымбат емес, бар болғаны 45 мың доллар. Теңіз жағасындағы үй жан рахаты ғана емес, болашаққа құйылған жақсы инвестиция. Өйткені үйіңді аралға ағылып келетін туристерге жалға беру арқылы қыруар пайда табуға болады», – дейді Әсия.

Әрине, әр қазақ бай-қуатты болса, жа­ны қалаған жерде тұрса, қуанамыз. Алай­да онсыз да тарыдай шашылған хал­қы­мыздың басын қоса алмай жүргенде, бауырларымыздың игілікті өмірді өз жері­нен емес, жат жұрттан іздегені алаң­да­тады.

Анар ЛЕПЕСОВА

«Тúrkistan»

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1047127
Пікірлер

Көрші сілтемелер