Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-20398850588 %12 %

Жылына 1 мыңға жуық адам ата-аналық құқығынан айырылады – ІІМ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:48 - 2019/09/12


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жыл сайын 1 мыңға жуық ата-ана өз құқықтарынан айырылады, одан бөлек 40 мың ата-ана мен заңды өкіл балалар құқығын бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылады. ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Жыл сайын 40-тан астам ата-ана мен заңды өкілдер кәмелет жасына толмаған балалардың құқығы мен заңды мүддесін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылады. Сол секілді сот арқылы жыл сайын 1 мыңға жуық адам ата-аналық құқығынан айырылады. Бүгінгі таңдағы балалар құқығына қатысты басты проблема – оларға қарсы зорлық-зомбылық пен күш қолданудың тоқтамауы. Осы жылдың 8 айында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге қатысты 589 қылмыстық іс тіркелді», - деді Марат Қожаев. 

Сондай-ақ, вице-министр балаларға зорлық көрсетуге қатысты қылмыстық жауапкершілікті қатайту бағытындағы заң жобасын әзірлеу қолға алынғанын айтты. 

«Қазіргі уақытта балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен 1,5 мың адам түзеу мекемелерінде өз жазасын өтеп жатыр. Сонымен қатар, бала құқығына қатысты тағы бір мәселе - олардың қараусыз қалуынан немесе бос уақытының көп болуынан түрлі бағыттағы оқыс оқиғаға тап болуы. Биыл 286 бала ажал құшты. Оның 16-сы - өрт салдарынан, 124-і суға кетіп қайтыс болды және 146  бала жол-көлік апатынан мерт болды», - деді ол өз сөзінде. 

Айта кетейік, бұған дейін М. Қожаев елордада өз баласын ұрып өлтірген әйелге қатысты соталды тергеу жүріп жатқанын мәлім еттіОдан бөлек, министрдің орынбасары балаларға зорлық-зомбылықты көбінде  кім жасайтынын айтқан болатын.
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047125
Пікірлер

Көрші сілтемелер