Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-20398850588 %12 %

2019 жылғы қаңтар-тамызда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,8 пайызды құрады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:45 - 2019/09/12


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы қаңтар-тамызда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2018 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 104,8 пайызды құрады.  Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Халықтың шілдедегі атаулы ақшалай табысы белгілі болды Темір жол саласын реформалау: Жеке жүк тасымалдаушыларға қолдау көрсетіледі Салық түсімдерінің тұрақтылығы нығайды – Қаржы министрлігі

Ведомство мәліметінше, 2019 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7360,7 млрд теңге болды. Бұл 2018 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 10,7 пайызға артық. 8 айдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 19051,7 млрд  теңгені құрды. Ббұл 2018 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 3,2 пайызға көп. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі – 3,1, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс – 3,3, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 2,7, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 6 пайыз артты.

2019 жылғы қаңтар-тамызда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметі) көлемі 2035,1 млрд теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 3,6 пайызға өсіп көрсетті. Осы аралықтағы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2218,1 млрд теңге болды. Бұл 2018 жылғы 8 айға қарағанда 11,8 пайыз көп.

2019 жылғы қаңтар-тамызда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,5 пайызға өсті. Жүк айналымының көлемі 392,8 млрд тонна шақырымды  (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, өткен жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 1,7 пайыз артты. Жолаушылар айналымының көлемі 193,9 млрд жолаушы-шақырым болды. Өсім - 4,8 пайыз.

«Байланыс» саласы бойынша да нақты көлем индексі 103,4 пайызға өсті. «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 107,6 пайызға артты. 8 айда бөлшек сауда көлемі 7042,7 млрд теңгені құрады. Қаңтар-тамызда көтерме сауда көлемі 15186,2 млрд теңге болды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047124
Пікірлер

Көрші сілтемелер