Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-20398850588 %12 %

Сараңдық пен жинақтылық - Ыбырай Алтынсарин - Әңгімелер / Мақалалар - Bilim - All



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Білім-ал мақалалары

Жолданған уақыты: 14:40 - 2019/09/12


Сараңдық пен жинақтылық - Ыбырай Алтынсарин - Әңгімелер / Мақалалар - Bilim - All


Сараңдық пен жинақтылық

Бірнеше тәуір кісілер бір жетім-жесір қалған үй ішін жылу жиямыз деп, әр үйге қыдырып барып жүріп, бір байдың үйіне келсе, бай жұмыскеріне бір кішкентай жіпті жаңбырда ұмытып, далада қалдырыпсың деп, қатты ұрысып тұр екен. Ұрысып тұрып айтады:

— Сен білмейсің, ол кішкентай жіп те болса, малға сатып алынған нәрсе, малдың табылуы оңай емес, — деп.

Мұны есітіп, көріп, әлгі жолаушылар өзді-өзі сөйлесті: Бір жаман жіпті далада ұмытып қалдырдың деп сонша кейіп тұрған адам бізге ешнәрсе бере қоймас, аузымызды ауыртпай, келген ізімізбен қайталық. Ішінде біреуі айтты:

— Неміз кетіп барады, келген соң бұған да айтып кетелік.

Бұл сөзбен байға келіп, сәлем берді. Бай бұларды әдеппен үйіне кіргізді. Сонан соң келгендердің жұмысын есітіп, сол жердің өзінде бөтендерге қарағанда екі есе ақша шығарып берді және мұнан басқа төрт-бес қап астық беремін деп уәде етті. Мұнысын көріп жолаушылар таңданып отырды да, өздерінің далада байды сараңға санағандарын айтысты. Сонда бай айтты:

— Аз нәрсені азсынбай, қадірін біліп жинағаннан осындай кем-кетікке жәрдем беруге қолым жетісті, жинақтылық — сараңдыққа жатпайды, — деді дейді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=40&id=1047121
Пікірлер

Көрші сілтемелер