Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-161216428648 %52 %
2019-11-171215391738 %62 %
2019-11-181120311344 %56 %

Мұхтар Тайжан квазимемлекеттік секторға қатысты пікір білдірді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:39 - 2019/09/12


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан квазимемлекеттік секторды қысқарту керектігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Темір жол саласын реформалау: Жеке жүк тасымалдаушыларға қолдау көрсетіледі Салық түсімдерінің тұрақтылығы нығайды – Қаржы министрлігі Ұлттық экономика вице-министрі: Бізге электромобиль бөлшектерін шығару қажет

«Квазимемлекеттік сектор ауқымды болса, онда бұл жағдай экономиканың дамуын тежеп тұрады. Өйткені жұмыс орындары негізінен жеке секторда пайда болады. Егер квазимемлекеттік сектордың ауқымы азаймаса, жеке сектордың дамуына нұқсан келтіріледі. Осы орайда шағын және орта бизнес тиісті деңгейде дамымайды. Ал бизнес дамымаса, онда жастар қайда жұмыс істейді?!», - деді М. Тайжан Парламент Мәжілісінде «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымынан кейін.

Оның пайымынша, квазимемлекеттік секторды жаппай қысқартуға назар аудару керек.

«Әр үлкен холдингтің ішінде көптеген шағын компаниялар бар және олардың біразы банкрот. Бұлар мемлекет қаржысына салмақ түсіреді. Сәйкесінше, олардан қажетті пайда жоқ деп айтуға болады. Сонымен қатар, осы компаниялар жеке сектордың дамуына кедергі келтіруде. Бүгін таныстырылым барысында бұл мәселені тағы да көтердім. Сондықтан экономиканы нығайту бағытында квазимемлекеттік секторды аямай қасқарту шарт», - деді Мұхтар Тайжан.

Еске сала кетейік, биыл шілде айының басында Президент квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға  мораторий енгізді.  

Белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров квазимемлекеттік компаниялар құруға жарияланатын мораторий ұзақмерзімді болуы керектігін атап өтті. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047118
Пікірлер

Көрші сілтемелер