Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-20398850588 %12 %

ТАРИХИ ЖАДТЫ ЖАҢҒЫРТУ – МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 14:30 - 2019/09/12


ТАРИХИ ЖАДТЫ ЖАҢҒЫРТУ – МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің рухани әлемін жаң­ғыр­туға қатысты мәселелер жайында жақсы айтылған.

Халықтың рухани дүниесінде ұлт­тың мерейін көтерер, тарихи жадын жаңғыртар жаңалықтар болып тұр­маса, елдің рухы көтерілмесі анық. Ал елдің рухы дегеніміз мемлекеттің жан-жақты дамуы үшін басты қозғаушы күштің бірі.

Жолдауда маған ерекше әсер еткен нәрселердің бірі – қазақ халқының ұлы тұлғаларына қатысты алдағы уа­қытта өткізілетін шараларды арнайы атап өтуі туралы айтылған ойлар болды.

Елімізде енді ғана дамып келе жатқан саланың бірі – туризм индус­триясы. Жолдауда бұл саланы дамыту жайын айта келіп, Қасым-Жомарт Тоқаев: «Туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға эконо­ми­каның маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет. Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихымызға, мәдение­ті­міз бен табиғатымызға туристер назарын аудару тұрғысынан атап өткен жөн», – деп, туризм мәселесін қозғай отырып, түп-бастауы арыда жатқан қазақ мемлекеттігін еске салып, тарихи жадты жаңғыртып отыруды көз­дей­ді. Ендеше тарихи тамырымызды бүгінмен жалғап отыруда саналы түрде еңбек етіп, өлшеусіз тер төгіп жатқан кітапхана, музей, театр қызмет­кер­леріне қа­тысты мәселені де жадынан шы­ғар­май, олардың еңбекақысын көтеру жайында мәселе көтерген Жолдаудың қазіргі кез­де қоғамдағы ең басты құжатымыз болып отырғаны көңіл қуантады.

Күнқожа ҚАЙРУЛЛА,

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық

консерваториясының оқытушысы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1047114
Пікірлер

Көрші сілтемелер