Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-20398850588 %12 %

"Мен Қазақстанның өз мүмкiн­дiгiн босқа жiберiп алғанын қаламаймын"



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 14:20 - 2019/09/12



Бүгін, 12 қыркүйек - Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, қазақтың бір туар ұлы, кемеңгер азаматы, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы ағамыздың туған күні. Ағамыздың әр жылдардағы сұxбаттарын оқысақ, осы күнге дейін де өзектілігін жоймаған. Соның бірі:

"Мен, Қазақстанның өзiнiң мүмкiн­дiгiн пайдалана алмай, босқа жiберiп алған мемлекет болғанын қаламаймын. Тек мен ғана емес, менiң буыным да. Бiзден кейiнгi буын да"

Біздің жадымызда, сіздің туған күніңіз бен бұл жалғаннан өткен күніңіз және  билікке айтқан жалынды сөздеріңіз мәңгі қалды. Мемлекетшілдігіңіз бен саяси күрескерілігіңіз ел аузында өшпес мұра боп жатталып, айтқан отты сөздеріңіз өзектілігін жоймай, күні бүгінге дейін ұшқыр болжамдарыңыз айна қатесіз келіп жатыр. Сіз бардағы билік - өз халқын аямаған әлі сол билік. Көзіңізді көргендер, әріптес болғандар, қазіргі күнде өз саяси иллюзияларын қалыптастыру үшін жанталасып, ұлтын сатып, жалданып, делдал болып шапқылап жүр...

Мекеніңіз жұмақ, жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, аға!

Р.S: Құрметті оқырман, сонау 2006 жылдың 11 ақпанында көмекшісі Бауыржан Байбосынов пен жүргізушісі Василий Журавлевпен бірге Алматы қаласының сыртында қанды қол қарақшылар аяусыз өлтірген болатын. Саяси террордың көрінісі болған өлімнің басты себептері мен нағыз тапсырыс берушілері қоғамға әлі де белгісіз болып, 13 жылдан бері шындық ашылмай келеді...

Ринат Рафхаттың facebook парақшасынан

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1047106
Пікірлер

Көрші сілтемелер