Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-20398850588 %12 %

Әлеуметтік төлемдерге арналған бюджет шығыстары қай көлемде артады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:33 - 2019/09/12


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы үш жылдық кезеңде әлеуметтік блоктың шығыстары 18,2 трлн теңгені құрамақ.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылдан бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджеттерге беріледі Қай министрліктер бюджет қаражатын игермеді Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасына ұсыныстарды қабылдау басталды

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикалық бюджеттің шығыстары 2020 жылы ағымдағы жылдың жоспарымен салыстырғанда 809 млрд. теңгеге өсіп, 12,7 трлн.теңгені құрайды (2021 жылы - 13,2 трлн теңге, 2021 жылы – 13,6 трлн теңге). Бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталды. Үш жылдық кезеңде әлеуметтік блоктың шығыстары 18,2 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 2020 жылға 5,7 трлн теңге немесе шығыстардың жалпы көлемінің 44,7 пайызы. 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш 47,6  пайызды құрайды», - деді Б. Шолпанқұлов.

Әлеуметтік шығыстардың негізгі үлесі әлеуметтік қамсыздандыруға және ел азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетуге келеді. Мәселен, жоспарланған кезеңде осы бағытқа 11 трлн теңге жоспарланған, оның ішінде  3,4 трлн теңге 2020 жылға тиесілі. Аталған шығыстардың елеулі үлесін әлеуметтік төлемдер құрайды, оған үш жылдық кезеңге 10,7 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылы – 3,3 трлн теңге көзделген. 2019 жылғы деңгейге қарағанда әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 304,4 млрд теңгеге ұлғайды.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047081
Пікірлер

Көрші сілтемелер