Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-20398850588 %12 %

Украина мектептерінде интерактивті еден енгізіле бастады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 13:20 - 2019/09/12






Укрина мектептерінде интерактивті тақтамен қатар, заманауи еден төселуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ақылды еден» cандық және проекциялық технологиялардың жиынтығы саналады. Жүйеге жүзден астам жаттығу жүктелген.

2018 жылы Украинаның білім және ғылым министрлігі «Жаңа Украина мектебі» реформасын енгізді. Жаңа тұжырымдама аясында Украинадағы орта білім беру саясаты айтарлықтай өзгеріске ұшырады. 1-3 сынып аралығында балаға баға қойылмайды, мектеп оқулықтары жаңарған және білім беру мекемесін сандық технологиямен жарақтау қолға алынды. Интерактивті тақтадан өзге Украина мектептерінде интерактивті еден біртіндеп енгізіле бастапты. Бұл жаңалық әзірге балаға да, ұстазға да ұнап тұр.

Катерина Спитковьска, №107 мектеп директоры:

- Біздің мектепте интерактивті еден пайда болды, мұнда әр пәнді қамтитын 130-дан астам жаттығу жүктелген. Ағылшын тілі, денсаулық сабағы, мысалы жол жүру ережесін оқушы ойнап отырып үйренеді. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан партада күн ұзақ отырғаннан басқа сабақты ойын түрінде үйренсе, оқушының сабақты қабылдау қабілеті артады.

Интерактивті еден 1-4 сынып оқушыларына арналған. Мұнда бала сурет салады, ән айтады, билейді. «Қауіпсіздік және тұрмысқа қажетті дүниені де ойнап отырып үйренеді», - дейді жас ұстаз Рита Головко. Бір сәт «теңіз суын» тыңдап, тынығуға да болады екен. Дамыту, білім бағдарламасынан бөлек секіртетін, сергітетін жаттығулар жүктелген.

Рита Головко, ұстаз:

Оқушыға да, оқытушыға да бұл жаңалық. Әлемді осылай танығанның пайдалы тұстары көп. Суреттерді түртіп көруге болады, тыңдауға болады. Математикалық есептер, ана тілі, сурет саламыз еденде, ән тыңдаймыз.

«Жаңа Украина мектебі» реформасы аясында білім мекемелерін барынша интерактивті тақта және еденмен жарақтау жоспарда тұр. Әсіресе, ауыл мен аудандардағы оқу ордаларына технологияның бұл түрі әлі толық жетпеген. Мұндай интерактивтік тақтаның құны 100 мың гривен, шамамен 4 мың доллардан асады. Қарапайым орта мектеп сатып ала алмайды, сондықтан мемлекеттің қаржы қорынан арнайы бөлінген қаражатты күтетіні мәлім.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петр Борейко

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1047074
Пікірлер

Көрші сілтемелер