Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-20398850588 %12 %

Қазақстандықтар Интернеттен гөрі телеарналарды көп көреді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:15 - 2019/09/12


Қазақстандықтар Интернеттен гөрі телеарналарды көп көреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Интернеттен гөрі телеарналарды көп көреді.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада полиция қызметкерлері арасында патриоттық әндер фестивалі өтті Ләззат Сүйіндік Қазақстанда аудиториясы артып келе жатқан телеарналарды атады Абай туралы телесериал түсіріледі - Astana Media Week

Бұл жайында елордада өтіп жатқан  Astana Media Week аясында «Vi Қазақстан» компаниясының бас директоры Ильмурад Джумаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Телевидение  қазақстандық жарнама нарығының маңызды сегменті екендігі сөзсіз. Егер жалпы көлемде алып қарайтын болсақ, телевидение - 55, ал Интернте 16 пайызды алып отыр. Тек Интернет жайында көбірек айтылып жатады. Дегенмен, таяу аралықта телевидение қамтуы үлкен медиа болып қала береді. Яғни, егер сіз тауарыңызды не қызметіңізді көп адамға жеткізгіңіз келсе, онда телеарналарға балама жоқ», - деді ол.

Осы ретте ол дәлел ретінде медиа ресурстарды тұтыну статистикасын алға тартты.

«Егер Интернетті медиа тұтыну жайында сөз қозғар болсақ, қазақстандықтар мессенджерлерді қоса алғанда орташа есеппен 255 минут жұмсайды. Әзірше, теледидарды көп көреді. Шамамен күніне 5 сағат немесе 272 минут көреді. Алайда бұл алшақтық қысқара түсуде», - деді Ильмурад Джумаев.

Айта кетейік, Astana Media Week  шарасының екінші күнінде Қазақстандағы алғашқы - «ADTribune - Азияның жарнамалық дауысы» атты жарнамалық конференция өтіп жатыр. Онда саладағы мәселелер, қиындықтар мен трендтер туралы ашық айтылуда. Сонымен қатар осы күні «TRENDZONE» коммуникативтік алаңында іскерлік коммуникациялар бойынша ашық семинар ұйымдастырылған.

 

 

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047071
Пікірлер

Көрші сілтемелер