Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-20475954488 %12 %

Ақтауда жол апатынан 12 адам зардап шекті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:09 - 2019/09/12


АҚТАУ. ҚазАқпарат – «Ақтау-Жаңаөзен» тас жолының 60-шақырымында жолаушылар мінген Газель көлігі Ravon Nexia жеңіл автомобилімен соқтығысып, 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолада жүк көлігіне соғылған жеңіл автомобиль өртеніп кетті Екібастұз - Павлодар тас жолында үш КамАЗ соқтығысты Қарағандыда жол апатынан 21 жастағы жігіт опат болды

Жолаушылардың 3-еуі - травмотолгия, біреуі - жансақтау бөлімінде жатыр. 

«12 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Кезекші дәрігерлер мен хирургтар, травмотологтар дереу оларды қарап шықты. 8 адам амбулаториялық емдеуге жіберілді. Бір жолаушы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Ол басынан соққы алған. Кеуде тұсынан жарақаттанған»,-дейді МО хирургия бөлімінің жетекшісі Сағат Бітімов. 

Ал, жеңіл көліктегі 4 адам дін аман. МО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты жеңіл көлік жүргізушісінің жылдамдықты арттыруынан болған. 

«Ravon Nexia көлігінің жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды» делінген хабарламада.
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047067
Пікірлер

Көрші сілтемелер