Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-20398850588 %12 %

Алматыда жалға берілетін пәтерлерді кімдер ала алады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:06 - 2019/09/12


Алматыда жалға берілетін пәтерлерді кімдер ала алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігінде 29 жасқа дейінгі жастарға жалға берілетін тұрғын үйдің шарттары түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастарға арналған жаңа пәтерлер Алатау ауданына қарасты  Көккайнар және Саялы-2 ықшам аудандарынан беріледі. Жоспарға сәйкес, ең алдымен бір бөлмелі 249 пәтердің кілті қазан айының соңында табысталады.

«Жұмыс істейтін жастарға жалдамалы тұрғын үй 5 жылға беріледі. Осы мерзім аяқталғанан кейін пәтерді босату керек. Мемлекет ұсынып отырған жеңілдікті жастар өз пайдасына жаратуы керек. Яғни, олар арзан бағаға пәтер жалдайды және бес жылда өз баспанасына қаржы жинауға мүмкіндік алады», - дейді  Алматы қалалық тұрғын үй саясаты басқарма  бастығының міндетін атқарушы  Айбек Сайділдаев.

Жалға пәтер алу үшін өтініш берушілер жергілікті жерде тіркеуде болуы шарт (2 жыл). Баспанасы болмауы тиіс. Құжаттар электрондық форматта электронды цифрлық кілт арқылы ұсынылуы керек.

«Өтініш беруші басқармаға мынадай құжаттарды ұсынуы керек: Өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, диплом көшірмесі (аттестат, колледж, ЖОО дипломы) неке куәлігінің көшірмесі, балаларының туу туралы куәлігі, жылжымайтын мүлкі жоқтығын растайтын анықтама, жұмыс істейтіндігін растайтын және соңғы алты ай ішіндегі табысы көрсетілген анықтама қажет. Кірісі 101 мың теңгеден кем болмауы – шарт. Сонымен қатар банк шотының болуы ескеріледі, ондағы ақшаның соммасы әрі қанша және қалай қаржы салынатындығы да назарға алынады»,- деп атап өтті Айбек Сайділдаев.

Құжаттарды қабылдау 23 қыркүйектен басталып, 6 қазанға дейін жалғасады. 7-12 қазан аралығында құжаттар тексеріледі. 15 қазан күні  бағдарламаға қатысушылардың тізімі жарияланады. 16-22 қазан аралығында 5 жыл мерзімге берілетін пәтерлердің келісімшарты жасалады. Содан кейін пәтерлер беріле бастайды.

Өтініш берушілердің құжаттары бес жұмыс күні ішінде тексерілуі керек. Құжаттар толық болмай қалған жағдайда тағы бір күн қосылады. Содан кейін он жұмыс күні ішінде әкімдік ұпайларды есептеп, үміткерлердің тізімін жасайды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047066
Пікірлер

Көрші сілтемелер