Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-20398850588 %12 %

Жасыл химия нені көздейді? Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 13:00 - 2019/09/12


Жасыл химия нені көздейді? Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Жасыл химия нені көздейді?

Жасыл химия – қоршаған ортаға зиянын тигізбей, керісінше жетілдіруге бағытталған тұтас химияның ғылыми бөлігі. Бұл бағыт XX ғасырдың 90-жылдары пайда болды.

Химиялық реакциялар мен үрдістер әлемнің кез келген зертханасында толассыз іске асады. Бірақ, соңғы жылдары өндірушілер қауіпті элементтер мен зиянды қалдықтарды өндіретін химиялық реакциялармен жұмысты азайта отырып, оны өндірудің өзге жолдарын іздеуге кіріскен. 

1998 жылы П.Т. Анастас және Дж.С. Уорнер "Жасыл химия теориясы мен тәжірибесі" кітабында "Жасыл химияның" негізгі 12 қағидасын атаған болатын.

Бұл қағидалар негізінде жұмыс істеу экономикалық әрі экологиялық тұрғыдан өндіруші мен адамзаттың дамуына септігін тигізеді.

1. Қалдықтарды қайта өңдеп, тазалағанша, шығындарды болдырмау керек.
2. Синтездеу әдісін таңдағанда процессте қолданылған барлық материалдар соңғы өнімге максималды айналатындай әдісті таңдау керек.
3. Синтездеу әдісін мүмкіндігінше пайдаланылған және синтезделген заттардың барлығы адам мен қоршаған ортаға зиянсыз болатындай таңдау керек.
4. Жаңа химиялық өнім жасау кезінде бұрынғы жұмыс тиімділігін сақтай отырып, улылық мөлшерін азайту керек.
5. Өндірісте жанама заттар, еріткіштер немесе бөлгіш агенттерді қолданбауға тырысу қажет. Егер оларсыз мүмкін емес болса, онда олар зиянсыз болуы шарт.
6. Міндетті түрде энергетикалық шығындардың және олардың қоршаған ортаға әсерін, өнімнің құнын ескеру қажет. Синтездеу барысында қоршаған орта температурасына жақын температурада және атмосфералық қысымда жүргізген дұрыс.
7. Бастапқы және жұмсалған материалдар қалпына келетіндей болуы тиіс. Сонда ғана экономикалық және техникалық жағынан тиімді болады.
8. Мүмкіндігінше аралық өнімдер алынбайтын болуы тиіс.
9. Әрқашан каталитикалық үрдіс жүруі шарт.
10. Химиялық өнім оны қолданғаннан кейін қоршаған ортада қалмай, қауіпсіз өнімге дейін ыдырауы тиіс.
11. Аналитикалық әдісті дамыту керек. Себебі, белгілі бір уақытта түзілетін қауіпті өнімдерді қадағалау үшін қажет.
12. Химиялық үрдістерде қолданылған заттар мен олардың түрлерін таңдағанда химиялық қаупі (жарылыс, өрт, қопару) минималды болатындай таңдау шарт.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1047062
Пікірлер

Көрші сілтемелер