Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2217865146 %54 %

Қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіков Ұлыбританияда жеке көрмесін өткізді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:00 - 2019/09/12


ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Семей ядролық полигонының құрбаны, суретші Кәріпбек Күйіков Лондонда жеке сурет көрмесін өткізді.

Ұқсас жаңалықтар
Ләззат Сүйіндік Қазақстанда аудиториясы артып келе жатқан телеарналарды атады Абай туралы телесериал түсіріледі - Astana Media Week Дәурен Абаев шетелдік продюсерлерге бірлесіп сериал түсіруді ұсынды

Айта кетерлігі, Кәріпбек Күйіков осыдан алты жыл бұрын «саусақ іздері жоқ» деген желеумен Біріккен Корольдікке кіруге виза ала алмаған еді.  Осыған байланысты, туа бітті екі қолы жоқ қоғам қайраткерінен Ұлыбритания елшілігі кешірім сұрап, олқылықтың орны енді толып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәріпбек Күйіков ядролық сынақтардың үрей тудырар ауыр зардаптары бейнеленген суреттерін Британия жұртшылығына ұсынып қана қоймай, халықты ядролық сынақтарға тыйым салуға бағытталған АТОМ жобасының онлайн-петициясына қол қоюға шақырды.

«Лондон - бүкіл халық құлақ асатын әлем астаналарының бірі. Осында айтылған пікірлер әлем жұртшылығының назарына ілігеді», - деді өз сөзінде суретші.

Біріккен Корольдіктің Қауымдар палатасы ғимаратында және  Корольдік автомобильдер клубында өткен көрмелерге британиялық депутаттар, Қазақстан мен Ұлыбритания дипломатиялық корпусының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Онда «Ядролық қарусыздану үшін кампания» ұйымының бас хатшысы Кейт Хадсон Қазақстанның ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялауын ұлы жетістік деп бағалады.

«Бұл бастама қарусыздану қозғалысына үлкен серпіліс әкелді», деді ол сөзінде.

Ал Ұлыбритания Парламенті Лордтар палатасының мүшесі және «Парламентарийлер ядролық қаруды таратпау және жою үшін»  ұйымының тең төрағасы Баронесса Сьюзан Миллер ядролық қаруды сынаудың қауіп-қатері мен салдарын әлем жұртшылығына жеткізудегі Қазақстанның рөлін айрықша атап өтті. Ол әсіресе, Кәріпбек Күйіковтың жеке басының тағдыры мен өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.  Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының депутаты Боб Стюарт болса, Кәріпбек Күйіковтың ауыртпашылыққа төтеп беріп, ядролық қаруға толық тыйым салу идеясын насихаттап жүргендігін үлкен ерлік, деп бағалады.

Суретшінің шығармашылық сапары Шотландияның астанасы Эдинбургте де жалғасты. Кәріпбек Күйіков жергілікті Парламентте сөз сөйлеп, әлемді бейбітшілікке үндеді. Шотландияның бірінші министрінің орынбасары және білім министрі Джон Суиннмен кездесті. Сондай-ақ ол Манчестерде де жеке көрмесін өткізіп, Лорд-қала мэрі Абид Латиф Чоханмен дидарласты.


 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046980
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қазақстанның кей өңірін 6 min
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 15 min
Мемлекет басшысы бірқат 16 min
Осы араны басып көріңіз 16 min
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 21 min
Мемлекет басшысы белгіл 26 min
Президенттік жастар кад 26 min
БҚО мектептерінде «Жас 1 sagt
Әлемде климаттың өзгеру 1 sagt
Елордада екі мыңға жуық 1 sagt
Түркістанда алғаш рет « 1 sagt
"Орталық - 2019" страте 1 sagt
Бокстан әлем чемпионаты 1 sagt
Маңғыстау облысындағы к 1 sagt
22 қыркүйек. Туған күн 1 sagt
Павлодарда асылып қалға 1 sagt
Бурабай әкімі мас күйде 2 sagt
Түркиядан Грекияға күн 2 sagt
"Оңай" картасы доллар б 2 sagt
Ақтөбе облысында үйден 2 sagt
500-ден астам солтүстік 2 sagt
Қазақстан Сенаторлары к 2 sagt
Мыңдаған алматылық жары 2 sagt
22 қыркүйек. ҚазАқпарат 3 sagt
Әблязовтың сыбайластары 3 sagt
Алматыда халық жазушысы 3 sagt
Əбу Насыр Әл-Фараби жəн 3 sagt
Вице-министр көпбалалы 3 sagt
Бас прокуратура қазақст 3 sagt
Дінтанушы: Дәстүрлі исл 3 sagt