Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2217865146 %54 %

Сенат басшысы Иордания Елшісімен визасыз тәртіп пен тікелей әуе бағытын ашу мәселесін талқылады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 11:00 - 2019/09/12


Сенат басшысы Иордания Елшісімен визасыз тәртіп пен тікелей әуе бағытын ашу мәселесін талқылады

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Иорданияның Қазақстандағы елшісі Юсеф Абдельганимен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сенат Төрағасы Иордания елі мен Король Абдалла II-нің Таяу Шығыстағы күрделі үдерістерді реттеуге қосқан зор үлесін атап өтті.

«Мемлекетіміздің жақын досы – Король Абдалла II-нің өз еліндегі қоғамдық-саяси өмірді және экономиканы реформалаудағы қызметін, сондай-ақ халықаралық өзекті мәселелер жөніндегі сындарлы ұстанымын жоғары бағалаймыз. Корольдің  2017 жылғы қараша айында Қазақстанға келген сапарының маңызы зор». Абдалла II-нің Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылық мәселелеріне қосқан күш-жігері ескеріліп, «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығының» алғашқы иегері атанған болатын.

Тараптар халықаралық және аймақтық көптеген мәселелер бойынша Нұр-Сұлтан мен Амман қалалары ұстанымдарының ұқсас екенін атап өтті. Сенат Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Хатшылықтың кезекті отырысына дайындық жұмыстары туралы айта келіп, форумға қолдау көрсеткені және белсенді қатысқаны үшін иорданиялық тарапқа алғыс білдірді.

Елші Иордания азаматтары үшін визасыз тәртіп енгізуді және екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын ашуды өтінді. Бұл сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, туризм әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді және Иордания студенттерінің көптеп келуіне жол ашады.

Дариға Назарбаева Елшінің ұсыныстарына қолдау білдіріп, екі ел арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуда визасыз тәртіптің маңыздылығын атап өтті.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1046979
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қазақстанның кей өңірін 6 min
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 15 min
Мемлекет басшысы бірқат 16 min
Осы араны басып көріңіз 16 min
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 21 min
Мемлекет басшысы белгіл 26 min
Президенттік жастар кад 26 min
БҚО мектептерінде «Жас 1 sagt
Әлемде климаттың өзгеру 1 sagt
Елордада екі мыңға жуық 1 sagt
Түркістанда алғаш рет « 1 sagt
"Орталық - 2019" страте 1 sagt
Бокстан әлем чемпионаты 1 sagt
Маңғыстау облысындағы к 1 sagt
22 қыркүйек. Туған күн 1 sagt
Павлодарда асылып қалға 1 sagt
Бурабай әкімі мас күйде 2 sagt
Түркиядан Грекияға күн 2 sagt
"Оңай" картасы доллар б 2 sagt
Ақтөбе облысында үйден 2 sagt
500-ден астам солтүстік 2 sagt
Қазақстан Сенаторлары к 2 sagt
Мыңдаған алматылық жары 2 sagt
22 қыркүйек. ҚазАқпарат 3 sagt
Әблязовтың сыбайластары 3 sagt
Алматыда халық жазушысы 3 sagt
Əбу Насыр Әл-Фараби жəн 3 sagt
Вице-министр көпбалалы 3 sagt
Бас прокуратура қазақст 3 sagt
Дінтанушы: Дәстүрлі исл 3 sagt