Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2217865146 %54 %

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 10:00 - 2019/09/12


Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің ресми кездесуінің салтанатты шарасы барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік Әнұрандары орындалды. Құрметті қарауыл бастығы рапорт берді. Мемлекеттер басшылары Құрметті қарауылдың қатарын аралап шықты. Содан кейін Құрмет қарауылының ротасы Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасының алдынан сап түзеп өтті. Зеңбіректерден дүркін-дүркін оқ атылып, Мемлекеттер басшыларына құрмет көрсетілді.

Салтанатты шара аяқталған соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз залына өтті.

Қазақстан Президенті қытай көшбасшысымен Бішкекте өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінен кейін араға бірнеше ай салып, қайта жолыққанына өте қуанышты екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, қытай көшбасшысының досы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізді.

– Біздің кездесуіміз ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп отыр. Осы сәтті пайдаланып, Сізді және тұтас қытай халқын айтулы датамен құттықтағым келеді. Қытай бұл мерейтойға әлеуметтік-экономикалық және саяси даму тұрғысынан зор жетістікпен жетіп отыр. Осы оқиға тек Қытай Халық Республикасы үшін ғана емес, күллі әлем үшін тарихи мәнге ие деп ойлаймын. Сіздің мемлекеттің дамуы дүниежүзінің жіті назарында,– деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының айтуынша, осы жетпіс жылдық жол қытай үшін өте ауыр болды. Бірақ 1970 жылдардың соңында Дэн Сяопиннің басшылығымен қолға алынған реформалардың арқасында қытай халқы өз дамуында орасан зор жетістікке жетті.

– Қытайдың табыстары мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін берік негіз болады деп санаймыз. Бүгін біз Бірлескен мәлімдемеге қол қоямыз. Бұл құжат бойынша Қазақстан мен Қытай ұзақмерзімді, стратегиялық және жан-жақты серіктестікті дамытуға бейілді екенін көрсетеді. Жоғары деңгейде қол жеткізген уағдаластық екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін салмақты құқықтық және саяси база болып табылады, – деді Қазақстан Президенті.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин өз сөзінде Қазақстанның Орталық Азиядағы ірі ел саналатынын және Орталық Еуразияда үлкен ықпалы бар екенін айтты.

– Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елдеріңіз зор табысқа қол жеткізді, ұлттық ерекшелікке негізделген даму үлгісін құрды. Сіз Президент болғаннан кейін өзіңіздің сабақтастық, әділеттілік және ілгерілеу жөніндегі үш ұстанымыңызды жарияладыңыз. Экономиканы дамытуды, жұмыс орындарын ашуды, сыбайлас жемқорлықпен күресуді, әлеуметтік қорғау деңгейін көтеруді алдыңызға мақсат етіп қойдыңыз. Бұл – Қазақстан халқының үмітін ақтайды.  Сіздің барлық бастамаларыңыз осыған бағытталған. Достас Қазақстан халқына бақ-береке және табыс тілеймін, – деді Қытай көшбасшысы.

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

 

  1. Мемлекеттер басшыларының бірлескен мәлімдемесі;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы авиациялық іздеу және азаматтық әуе кемелерін құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты (НЖ ЖЭС) мен «Жібек жолының экономикалық белдеуі» (ЖЖЭБ) құрылысын ұштастыру жөніндегі ынтымақтастық жоспарын жүзеге асыруға байланысты өзара көмек туралы меморандум;
  4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы ҚХР Үкіметінің Қазақстан тарапына суперкомпьютер беру жобасы жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;
  5. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы Қытай Халық Республикасына Қазақстан Республикасынан экспортталатын сүт өнімдеріне қойылатын инспекциялық, карантиндік және ветеринарлық-санитарлық талаптар жөніндегі хаттама;
  7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы Қытай Халық Республикасына Қазақстан Республикасынан экспортталатын жүн шикізатына қойылатын инспекциялық, карантиндік және ветеринарлық-санитарлық талаптар жөніндегі хаттама;
  8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы зияткерлік меншік құқығын шекара маңы қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі меморандум;
  9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы Қытай Халық Республикасына Қазақстан Республикасынан экспортталатын зығырға қойылатын инспекциялық, карантиндік және ветеринарлық-санитарлық талаптар жөніндегі хаттама;
  10.  Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын алып өту туралы алдын ала ақпарат алмасу жөніндегі техникалық спецификация.
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1046955
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қазақстанның кей өңірін 6 min
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 15 min
Мемлекет басшысы бірқат 16 min
Осы араны басып көріңіз 16 min
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 21 min
Мемлекет басшысы белгіл 26 min
Президенттік жастар кад 26 min
БҚО мектептерінде «Жас 1 sagt
Әлемде климаттың өзгеру 1 sagt
Елордада екі мыңға жуық 1 sagt
Түркістанда алғаш рет « 1 sagt
"Орталық - 2019" страте 1 sagt
Бокстан әлем чемпионаты 1 sagt
Маңғыстау облысындағы к 1 sagt
22 қыркүйек. Туған күн 1 sagt
Павлодарда асылып қалға 1 sagt
Бурабай әкімі мас күйде 2 sagt
Түркиядан Грекияға күн 2 sagt
"Оңай" картасы доллар б 2 sagt
Ақтөбе облысында үйден 2 sagt
500-ден астам солтүстік 2 sagt
Қазақстан Сенаторлары к 2 sagt
Мыңдаған алматылық жары 2 sagt
22 қыркүйек. ҚазАқпарат 3 sagt
Әблязовтың сыбайластары 3 sagt
Алматыда халық жазушысы 3 sagt
Əбу Насыр Әл-Фараби жəн 3 sagt
Вице-министр көпбалалы 3 sagt
Бас прокуратура қазақст 3 sagt
Дінтанушы: Дәстүрлі исл 3 sagt