Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-1920955644 %56 %

Ақтөбе қаласының маңайын қоқыстан тазарту үшін 200 млн теңге қажет



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 06:30 - 2019/09/12


Ақтөбе қаласының маңайын қоқыстан тазарту үшін 200 млн теңге қажет

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында қоқыс уақытылы шығарылмай жатыр. Тұрмыстық қалдықтарды шығаратын компаниялар төлемнің уақытында жасалмайтынын, тұрғындардың 35 пайызы абонемент тізімінде мүлде жоқ екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қоқысқа толы Ақтөбе мәселені тарифті көтеру арқылы шешпек Семейліктер бір күннің ішінде 197 тонна қоқыс жинады

Ақтөбедегі қоқыс шығару ісі тұралап тұр. Тұрғындар күн сайын әлеуметтік желі арқылы наразылықтарын білдіріп, 1-2 апта бойы тазарту жұмыстары жүргізілмегенін, сасық иіс қолқаны қабатынын айтып жатыр. Қала әкімдігі бұған дейін  жедел штаб құрған болатын.  Алайда жұмыс күн өткен сайын қиындап барады. Жергілікті әкімдік «Табыс Ақтөбе» ЖШС мен өңірдегі құрылыс, жол құрылысы компанияларынан көмек сұрады.

«Таза лайф» жеке кәсіпкері 12 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтататынын жеткізді. Бірақ шын мәнінде олар тамыз айынан бері жұмыс істемей, олардың территориясына байланысты шағым көбейді. Қазір «Neo Plus» пен «№27 басқару компаниясы» ЖШС қоқысты уақытылы шығарып жатыр. Тұтынушылар алғашқысына 43 миллион, кейінгісіне 55 миллион теңге қарыз. Халық сол ақшаны уақытылы төлесе мұндай проблема туындамас еді. Негізі жаз айларында қоқыс көбейіп тұр. Құрылыс жұмыстарын жүргізген адамдар бәрін жәшікке апарады, кейбірі қаланың шетіндегі орман ішіне, сай-салаға тастап кетеді. Қазір қала аумағында 375 бей-берекет жатқан қоқыс орны пайда болған. Ғарыштан түсіргенде көрінді. Оны тазартуға 200 миллион теңге қажет», - деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Хасен Юсупов.

Айта кетейік, қазір қала сыртындағы емес, ішіндегі қоқысты шығаратын арнайы мекеме табылмай жатыр. Себебі көбінде техника жоқ.

«Қоқыс жәшігінің жанында жатқан құрылыс материалдарын, жиһаз, тұрмыстық техниканы шығаруға бюджеттен қосымша ақша бөлінбейді. Себебі адамдар үйсіз-күйсіз жүр, ал біз қоқыс үшін бюджеттен тағы шығын шығара алмаймыз. Бәрі халықтың сана-сезіміне байланысты. Қазақстанда ең төменгі тариф Ақтөбеде екен. Соны уақытылы төлесе болғаны. Ал біз өзімізді өзіміз қоқысқа батырып отырмыз», - деді Хасен Юсупов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046930
Пікірлер

Көрші сілтемелер