Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2015748151 %49 %

Ақпараттық технологияны үйрететін университет – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 03:30 - 2019/09/12


Ақпараттық технологияны үйрететін университет – Астана Ақшамы

Елордада Astana IT University ашылды. Жаңа білім ордасы EXPO аумағында орналасқан.

Студенттер мұнда криптография, робототехника, Big Data, жасанды интеллект, сандық криминалистика, бағдарламалау секілді салаларды үйренеді. Биылғы оқу жылында университет қабырғасында 6 бағыт бойынша 613 студент білім алады. Жалпы саны 579 грант бөлінген.
Университеттің ашылу салтанаты кезінде сөз сөйлеген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Алтай Көлгінов студенттерге жүрекжарды тілектерін жеткізіп, оқу жылына сәттілік тіледі.
Ғимараттың құрылысы 10 айға созылған. Оқу орны ашық кеңселерге ұқсайды. Мұнда барлығы 680 бөлме, оның ішінде 140 аудитория бар. Сондай-ақ жаттығу және спорт залдары, коворкинг-аймақ, тақырыптық кабинеттер мен кітапхана қамтылған. Төрт жылдық бағдарламаны студенттер 3 жыл ішінде меңгереді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1046916
Пікірлер

Көрші сілтемелер