Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2015748151 %49 %

Кезекті аппарат жиналысында келелі мәселелер талқыланды (ФОТО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 02:15 - 2019/09/12





Бүгін Елордада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен кезекті аппарат жиналысы өтті. Жиналысқа наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ қызметкерлері қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде ІІІ республикалық имамдар форумын өткізу, діни рәсімдер мен діни лауазымдарды бірізділікке түсіру, мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстарының оқу бағдарламасын бір жүйеге келтіру, «Мүфтият баспасы» атынан танымдық кітаптарды шығару, ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі жұмысты жандандыру, т.б. мәселелер талқыланды.

«Мүфтияттағы әр маманның орны мен қызметі біз үшін қымбат. Әр қызметкер белсенді жұмыс нәтижесін көрсете білуі тиіс. Игі жобаларды жүзеге асыруда бірлігімізді көрсетіп, табандылық танытуымыз керек. Алдымызда атқаратын үлкен шара – ІІІ республикалық имамдар форумын ұйымдастыру. Бұл игі шараны жоғары деңгейде өткізу үшін әрқайсымыз өз саламыз бойынша белсенді түрде атсалысуымыз қажет», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Мәжіліс соңында ҚМДБ төрағасы дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1046904
Пікірлер

Көрші сілтемелер