Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-18906332945 %55 %

Қостанай облысының әлеуметтік нысандары жылу маусымына дайын



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:33 - 2019/09/12


Қостанай облысының әлеуметтік нысандары жылу маусымына дайын

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әлеуметтік нысандары мен жеке тұрғын үйлері жылу беру маусымына дайын. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытқа сай облыстағы барлық әлеуметтік нысан мен тұрғын үй секторлары кестеге сәйкес жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын тыңғылықты атқаруда. Өңірде жылу беру маусымы ресми түрде 1 қазаннан басталады. Ауа температурасы күрт төмендеген жағдайда жылу беру жұмыстары  белгіленген күннен бұрын басталады. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары айтып берді.

«Қостанай облысының алдағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы аяқталуға жақын. Жөндеуді тек қана электр жабдықтары бар, оны жөндеу астық жинау науқаны салдарынан қазан айында аяқталады. Жалпы облыс бойынша 105 қазандық, 736 жылытудың автономдық жүйесі сақадай сай. Жөндеуге жоспарланған 18,1 шақырым жылу желілерінің  18,3 шақырымы,  88,1 шақырым су құбыры-кәріз жүйелері 104%, электр жүйелерінің 87%  жөндеуден өтті. Әлеуметтік сала және тұрғын үй қоры толық дайын. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік  нысандар  жылу беру маусымына жүз пайыз дайын. Білім берудің 734 объектісі,  денсаулық сақтау саласының 488 объектісі, 701 әлеуметтік объекті, 2645 көп қабатты үй жылу беру маусымына әзір», — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.  

Бүгінде жылу беру мауысымына қажетті 485,1 мың тонна көмірдің 334,6 мың тонна көмірі дайын. Ал бюджеттік ұйымдар үшін қажетті 104,3 мың тоннадан 92,1 мың тонна әзірленген. Ал басқа да облыс тұрғындарына 327,5 мың тонна көмірдің 228,7 мың тоннасы жеткізілген. Қара отынды тасуда іркіліс жоқ. Облыстың алдағы жылу беру маусымына дайындығы жергілікті биліктің тұрақты бақылауында.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046891
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар