Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-2114946343 %57 %

Минингит – мезгіл сырқаты – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 00:45 - 2019/09/12


Минингит – мезгіл сырқаты – Астана Ақшамы

Бүгінгі күні қалалық №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында «менингит» диагнозы бар 59 пациент ем алуда. Науқастардың жағдайы бірқалыпты, алаңдауға негіз жоқ, – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ресми өкілдері.

Басқарма басшысының ана мен баланы қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Мағрипа Ембергенова, ҚР ДСМ штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматологы, Астана Медицина университетінің балалар анестезиологиясы және реанимациясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Нұрила Малтабарова аурудың белгілері, сақтану және алдын алу жолдары жайында арнайы өткізілген брифингте әңгімелеп берді.
Басқарма басшысының орынбасары барлық қалалық емханаларда менингит ауруымен ауыратын науқастарды дер кезінде анықтау және медициналық көмек көрсетуде, бас ауруы бар балаларды тексеріп-қарауды жүргізетін патронаж қызметі белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
– Энтеровирустық инфекциялардың 85 пайызға жуығы симптомсыз өтеді. Алайда 3-10 жастағы балалардың ағзасына түскенде вирус ізсіз кетпейді. Ауру ЖРВИ, сондай-ақ ЖІИ сияқты өтіп, дене қызуының ұзақ мерзімге көтерілуі осы аурудың белгісі болып табылады. Жұқпалы аурулар маусымдық болып келеді, жаз және күздің бастапқы кезеңі энтеровирусты инфекцияның мезгілі болып саналады. Сол себепті алаңдауға негіз жоқ, – деді ҚР ДСМ штаттан тыс бас инфекционисті, Астана Медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Динара Баешева.
Баланың басы қатты аурырып, бойын әлсіздік жайлап, жүрегі айнып құсуы, бұлшық еттердің сіресуі осы дерттің белгілерінен екен. Мұндай жағдайда емханаға қаралып, керек болса жедел жәрдем қызметіне жүгінген жөн.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1046876
Пікірлер

Көрші сілтемелер