Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2224391941 %59 %

Суды дәріптеген ескерткіш – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 00:30 - 2019/09/12


Суды дәріптеген ескерткіш – Астана Ақшамы

Дархан МЫҢБАЙ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Есілге құятын Ақбұлақты жағалай сейілдеп жүріп, идеясы мен композициясы үйлескен ерекше ескерткішке тап болдық. Абай мен Шәкәрім көшелерінің сабақтасар тұсы. Кенесары-Абылайхан даңғылдарының жалғасар көпіріне де алыс емес. Ескерткіш Астананың 20 жылдығы мен «Астана су арнасы» мекемесінің мерейтойына орай орнатылыпты. Тақтайшаға осылай айшықтап жазылып қойған.

Иә, судың да, су берушінің де сұрауы, іздеушісі болғаны қандай жақсы! Қаланың көп тұрғыны су шаруашылығын білсе, суды үнемдер еді, су мамандарының (ескіше – мұрап) еңбегін бағалап, қадірлер еді-ау… Ғалымдардың пайымдауынша, Орталық Азия аумағында таяу онжылдықта су көлемі үштен бір есеге кемиді, ал тұтыну 30-40 пайызға артады. Ал температура 6 градусқа көтерілмек. БҰҰ болжамына сенсек, 2050 жылға қарай планетамыздағы тұрғындардың жартысынан астамы су тапшылығына ұрынады.
Шындығында, тау мен тасты бұзып-жарып шығатын су ел арасын да бұзуы мүмкін. Соның алдын алуға арналып жуырда ғана Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Орталық Азиядағы су мәселелері бойынша диалог: ұлттық деңгей арқылы жалпы аймақтыққа» атты форумда өзекті түйткілдерді қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен сарапшылары қызу талқылапты. Олар осы аймақтағы үкіметтерге су, экология, энергетика салаларына қатысты ортақ стратегиялық, практикалық ұсыныстар беруге келісіпті. Қош делік.
Алайда «қисынды айтылғанның бәрі сөз жүзінде қалып қояды ма?» деген күдік басым. Мамандардың айтуы бойынша, аталған проблемаларды әр елдің мүддесін ескере отырып, консорциум құру арқылы іске асыру тиімді. Әдетте Сырдария, Әмудария, Қара дария, Нарын, Шу, Талас өзендерінің тағдыр-талайы сөз болып келеді. Әйтпесе, су ресурсын сақтауды, пайдалануды жақсартуға жұмсалған қызметті емес, ағын судың өзін тауар деп бұра тарту жаратылыстың заңына қарсы шара қолданумен бірдей емес пе?
Мейлі, еларалық құрылым да, халықаралық ұйым да құрармыз, алайда санамыз­ды өзгерту мен рухани жаңғыру кенжелеп жатса, арамтер болып не керек? Бәрі бекер болмасын десек, ортақ тарихи, кәсіби, діни құндылықтарымызды не үшін мансұқтаймыз? Баршамызға тән қайырымдылық, көршіге байланысты дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды неге ұмыт қалдырамыз?
Мәселен, суды игеру, суғару жүйесін, су пайдалану тәртібін қараушы адамды жоғарыда айтылған елдердің барлығында дерлік мұрап (мираб, «мир» яки әмір – араб тілінде – патша, «аб» парсы тілінде су дегенді білдіреді) деп құрметтеген, аса сыйлаған. Қазақта «Су патшасы – мұрап, Түн патшасы – шырақ» деген мақал да бар. Ол қызметке ең әділ, жүрегі де, жүзі де, қолы да, жолы да таза адамды сайлаған. Осыны ескерген кейбір елдерде оған (мұрап­қа) жерге себілген не егілген егіс біткенді тексеру де жүктелген. «Мұраптың іздерінде қалған суды ішуге болатынын» айт­қанда да адал, ысырапқа жол бермейтін мұраптың жан, ар тазалығын меңзесе керек. Әсіресе, суы тапшы өңірлерде, иманы бар ұлттардың ұрпағы тіршіліктің тамырын жібіткен судың киесінен қорыққан.
Қазіргі заман мұраптары да сондай қасиет пен қабілетке ие азаматтар болса, су байлығына кіріс көзі ғана деп емес, ырыс көзі, ынтымақ қайнары деп қараса, тарихи әділеттілік болатыны хақ. Атадан мұра, бабадан мирас болған кәсіп егелері Орталық Азияны мекендеген ағайын-жұрттың бірлігін бекемдей түсер еді. Ал бөтен ниеттегілердің, алауыздық дәнін еккісі келетіндердің оны бұзуға жүрегі дауаламас еді…
Ақбұлақ бойындағы қазақ ескерткішінде көп сыр бар. Біріншіден, бұл сағаның шын аты – Сарыбұлақ немесе Ащыбұлақ (Соленая балка). Оның неге соры шыққанын ғалымдар дәлелдей жатар. Ақбұлақ – бергі астана ныспылаған атау. Ниет жақсы, бірақ су құрамы өзгере қойған жоқ қой. Елорданың мықтылығы – осы өзекті жақсылап абаттандырғаны. Кезінде, бәлкім бір ғасыр бұрын осы жерде қала мен дала өнімін алмасатын мал базары болған деседі. Ақмолаға таяу, тіршілігі баяу тұс. Мейлі, солай болған-ақ шығар. Бірақ ғасыр түйісіндегі астананың ниетін әрі қарай жалғас­тырып кету – бәріміздің парызымыз. Бізге Ақбұлақ бетінің де, шетінің де жағдайы әлсіздеу көрінді. Жағасында бірен-саран балықшы не аулап отырғанын түсінбедік. Ал суға қо­йылған ескерткіш тамаша, бірақ оған апаратын жол жоқ. Өзен бойымен ғана жете аласыз. Бұл жағына қала басшылығы көңіл бөледі деп үміттенеміз. Ең бастысы, Нұр-Сұлтан қаласында судың құрметіне тұрғызылған елеулі, бірегей ескерткіш бар. Оны танымал ету – уақыттың еншісі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1046874
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Павлодардан елордаға ұш 14 sek
Кәкімжан Қазыбаев жайл 6 min
Теріс діни сенімнің қоғ 9 min
Кәкімжан Қазыбаев жайл 16 min
Осы араны басып көріңіз 26 min
Есть старинный маленьки 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Петропавлда «сақалды» қ 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Актер «Батыр Баян»: Тал 1 sagt
Қызылордада «Қорқыт жән 1 sagt
Нұр-Сұлтан мен Алматыда 1 sagt
Арыс маңында 10 сапер ж 1 sagt
Алматыда «барахолка» та 1 sagt
Бекзат Нұрдәулетов төрт 1 sagt
Адамның жасын нейрон жү 2 sagt
Димаш Құдайберген Нұр-С 2 sagt
Қостанай облысында жемқ 2 sagt
Әуе билеттерінің қымбат 2 sagt
Тоқаев іссапармен Нью-Й 2 sagt
Қазақстанның кей өңірін 2 sagt
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 2 sagt
Мемлекет басшысы бірқат 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 2 sagt
Мемлекет басшысы белгіл 2 sagt
Президенттік жастар кад 2 sagt
БҚО мектептерінде «Жас 3 sagt
Әлемде климаттың өзгеру 3 sagt
Елордада екі мыңға жуық 3 sagt