Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-22286107638 %62 %

Қазақстан туризмін дамытуға бағытталған халықаралық экспедиция аяқталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:24 - 2019/09/12


Қазақстан туризмін дамытуға бағытталған халықаралық экспедиция аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Туризмді дамытуға бағытталған «Жібек Жолы – диалог жолы» атты халықаралық экспедиция өз сапарын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін елордада экспедициясының аяқталуына орай «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі алаңында баспасөз конференциясы өтті. 

Жиында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ төрағасының орынбасары Т. Дүйсенғалиев, экспедиция жетекшісі Ә. Ахмеджанов, экспедиция қатысушылары: саяхатшы және «Nomad 4X4» компаниясының негізін қалаушы Қ. Сағынаев, «Хабар 24» телеарнасындағы «Дархан дала» авторлық жобасының жүргізушісі Ж. Рахмет, QazaqGeography ақпараттық жарықтандыру жөніндегі бас менеджері А. Жұматаева сөз сөйледі.



Экспедиция құрамы келесі бағыт бойынша жүріп өтті: Алматы қаласы – ҮАК – Есік – Шарын – Көлсай – Қарақол – Кәжі-Сай – Токмок – Суусамыр – Талас – Тараз – Ақмешіт үңгірі – Сауран – Түркістан – Арыстанбаб – Отырар – Шымкент – Ташкент – Самарқан – Қазығұрт – Мерке – Таңбалы – Алматы қаласы.

Жобаның негізгі мақсаты – экспедиция кезінде туристік нысандарды тізбектеу, инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу және жаңа туристік бағыттарды құру арқылы ішкі және сыртқы туризмнің әлеуетін дамыту, сондай-ақ трансшекаралық маршруттарды дамыту.

Экспедиция құрамы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бағытынан тұратын 13 күндік экспедицияда болды. Қатысушылар құрамы білікті журналист, фотограф, телеарналар түсірілім тобы, туристік блогерлер мен туроператорлардан тұрды. Сапардың нәтижесі бойынша еліміздің табиғи нысандарынан жаңа туристік бағыттар, сапалы фото-және видеобанктер құрылды. Олардың қазіргі жағдайы туралы өзекті ақпарат алынып, иллюстрацияланған жолнұсқа жасалды. Бұл ақпарат көршілес Қырғызстан, Өзбекстан және отандық туроператорларға берілетін болады.

Аталмыш экспедиция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның мәдени-географиялық объектілерінің туристік әлеуетін пайдалану міндетін толық жүзеге асырылуына едәуір үлес қосатындығын атап өткен жөн. Сонымен қатар, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында да алға қойылған міндеттерді орындауға ықпал етеді. 

«Жібек Жолы – диалог жолы» халықаралық экспедиция 20 тамыз күні Алматыдан сапарға аттанғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046872
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Нұр-Сұлтан-2019: Қазақс 6 min
Поэзия мен музыканы жаң 16 min
Павлодардан елордаға ұш 20 min
Кәкімжан Қазыбаев жайл 26 min
Теріс діни сенімнің қоғ 29 min
Кәкімжан Қазыбаев жайл 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Есть старинный маленьки 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Петропавлда «сақалды» қ 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Актер «Батыр Баян»: Тал 1 sagt
Қызылордада «Қорқыт жән 1 sagt
Нұр-Сұлтан мен Алматыда 1 sagt
Арыс маңында 10 сапер ж 1 sagt
Алматыда «барахолка» та 1 sagt
Бекзат Нұрдәулетов төрт 2 sagt
Адамның жасын нейрон жү 2 sagt
Димаш Құдайберген Нұр-С 2 sagt
Қостанай облысында жемқ 2 sagt
Әуе билеттерінің қымбат 2 sagt
Тоқаев іссапармен Нью-Й 2 sagt
Қазақстанның кей өңірін 2 sagt
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 3 sagt
Мемлекет басшысы бірқат 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 3 sagt
Мемлекет басшысы белгіл 3 sagt
Президенттік жастар кад 3 sagt
БҚО мектептерінде «Жас 3 sagt