Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-131401443142 %58 %
2019-12-141793576056 %44 %
2019-12-15799155067 %33 %

ЖАҢА ӘЛІПБИ — ЕЛ ТАҢДАУЫ — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 23:28 - 2019/09/11



Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында, сондай-ақ еліміздің барлық ­­об­лыс­тары, қалалары және аудандық кітапханалар мен ЖОО-да (синхронды түрде) «2019 jyl – Jastar jyly» атты жалпықазақстандық ашық ­диктант өтті. Диктант латын графикасы негізінде жазылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыруымен өткен іс-шараға  ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА мүшелері, Ассамблея құрылымы, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА жастар қанаты, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, студенттері, күллі республика бойынша 180 мыңға жуық адам қатысты. 

Іс-шараның мақсаты – этнос­ара­лық коммуникация тілі ретінде мемлекеттік тілдің маңызын нығайту. ҚХА-ның ұйым­дасты­руымен бірнеше жыл қата­рынан өткізіліп келген диктанттың биылғы мақсатының тағы бірі – қазақ тілінің жаңа әліпбиін үй­рену, оны қолдана отырып оқып-жазу дағдыларын бойға сіңіру. ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев: «Мемлекеттік тілде жал­пықазақстандық ашық дик­тант жазу – Қазақстан халқы Ассам­блея­сының төл жобасы. Оның мақ­­саты қоғамымызда халықты ұйыс­ты­рушы фактор – мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты артты­рып, қазақстандық бірегейлікті қа­лып­тастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Диктант – жыл сайын Қазақстанның тілдері күні шеңберінде, ел өміріндегі ерекше­ оқиғалардың ең маңыздысын арқау ете отырып, жазылады. Жас­тардың бүгіні мен болашағына қам­қорлық жасауды өз саясатының негізгі басымдықтарының бірі деп санайтын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне көшуіміздің дұрыс таңдау екенін атап көрсетті. Президент жастарға сенім артып, олардың жаңа әліпбиіндегі қазақ жазуын тез меңгеріп алатынына нық сенімін білдіреді» деп атап өтті.
Жансейіт Қансейітұлы Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының негізгі бағыттарымен де таныстырып өтті. Барлық этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне қолдау көрсету мақсатында 2015 жылдан бері ҚХА қолдауымен жүргізіліп келе жатқан «Мың бала» мәдени-ағарту жобасы аясында ел этностарының 50 мыңға жуық баласы мемлекеттік тілді үйренгенін де тілге тиек етті.
Жыл сайын ашық диктант өткізу де – ҚХА-ның бұл іске қосатын қомақты үлесі. ҚХА-ның бірегей жобасы жайлы толық ақпарат беріп, сөз сөйлегендер қатарында ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы ­Максим Споткай мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА депут­аттық тобының мүшесі Генадий ­Шиповских болды.
«Қазақ жеріне келген ата-бабала­рымыздың өмірін сақтап қалған, қиын-қыстау заманда бауыр болған қазаққа шын ниетпен алғыс айту – құр сөз емес. Бұл алғысты нақты іспен көрсетуіміз керек. Қазаққа риза болсаң – қазақша сөйле. Бұл қағида бәрімізге ұран болсын. Сол кезде бабаларымыздың аруақтары бізге де риза болады деп сенемін. Дәл қазіргі тарихи сәтте қоғамдық келісімді нығайту процесін ендігі басқа деңгейге шығаратын уақыт келді. Қазақ менталитетінің негізінде барлық этностар қазақша сөйлейтін біртұтас ұлтқа айналуымыз керек. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауда қазақ тілінің жаңа мәртебесі туралы айтты. Мемлекеттік тілімізді этносаралық қатынастардың тіліне айналдыру – бұл мемлекеттік органдардың ғана мақсаты емес. Бұл жастардың ортақ мақсаты деп қабылдауымыз керек. Оны орындау үшін бәріміз Елбасымыздың «Латынға оралу идеясын» қолдай отырып, бүгін ерекше диктантымызды өткізіп отырмыз. Латын әліпбиіне оралу процесінің ең басты мақсаты бір әріпті басқа әріпке ауыстыру ғана емес» ­деген М.Споткай диктант жазушыларға сәттілік тіледі.
Диктантты филология ғылымы­ның кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Камал Әлпейісова оқыды. Жазба жұмысын Ассамблеяның, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің және бірнеше министрліктің тілдер­ді ­дамыту басқармаларының ­мамандарынан құрылған комиссия тексереді. Тексеру нәтижесі шығарылған соң, ең үздік жазған қатысушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты табыс етілді.

Қ.Серікқызы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=1046866
Пікірлер

Көрші сілтемелер