Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2224391941 %59 %

«Ақ қауырсын» қанат қақты — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 23:21 - 2019/09/11



Тілдер мерекесінің салтанатты ­жиы­нында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен жарық көрген «Ақ қауырсын» кітабының тұсауы кесілді. Баспадан шыққан су жаңа кітаптың лентасын кесу құрметі кеш қонақтары, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Сұлтан Дүйсембинов, ҚР мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков және аталған кітапқа алғысөз жазған ардагер журналист Әли Ысқабайға берілді.

Кітапқа «Рухани жаңғыру» мақа­ласының бір жылдығына орай Алматы­ облысы әкімінің «Ақ қауырсын» жүлдесі үшін тұңғыш рет өткізілген «Мәңгілік елдің мұраты» әдеби байқауы және Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана – бейбітшілік бесігі» мүшәйрасының жүлдегерлерінің туындылары енген. Атап айтар болсақ, Сағыныш Намазшамова, Ерлан Жүніс, Қанат Әбілқайыр, Айнұр Төлеу, ­Есболат Айдабосын сынды өңірлік жарыстарда ғана емес, республикалық, халықаралық ­додаларда топ жарып жүрген жетісулық таланттар­дың бәйгеге қосқан әдеби шығармалары бар.
Кітаптың алғысөзінде Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Жанарбек Әшімжан: «…Туады, туады әлі нағыз ақын» ­деген даңқты Мұқағали ақынның үміт пен арман-аңсары тегін емес екен. ­Расында, Жетісудың жағасында, жеті өзеннің сағасында желкілдеп өскен жас құрақ араға аз уақыт салып өз жемісін беріп келеді. Осы орайда, ­Алматы облысы әкімдігінің аймақтағы жастарды шығармашылық жағынан да, әлеуметтік жағынан да қолдауы айқын сезілді. Қаншама жас ақын-жазушы, журналистер баспаналы болды. Соңғы кездердегі жастарға арналған жекелеген ірі-ірі байқаулар, мүшәйралар, әртүрлі жанрларда ­жарияланып келе жатқан ашық және жабық бәйгелер осы ойымыздың дәлелі. Нәтижесінде кейінгі жылдары облыс орталығы – Талдықорған қаласы әдеби, мәдени ортаға айналды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кешенді мақаласы, одан кейінгі өткен жылдың аяғында ғана қалың қауымға айырықша әсер еткен «Ұлы даланың жеті қыры» атты идеологиялық кеңістігіміздің тамырына қан жүгірткен темірқазық мақаласы біздің жас достарымызға жаңа тыныс берді. Осының айқын дәлелі, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жариялаған «Мәңгілік елдің мұраты» атты байқау шығармашыл жастарға арналған» деп жазды.
Облыс әкімінің «Ақ қауырсын» әдеби жүлдесін былтырғы жылы поэзия жанры бойынша Сағыныш Намазшамова, проза бойынша Қанат Әбілқайыр иеленгені көпшіліктің есінде.
Дәстүрлі «Ақ қауырсынның» проза аталымы бойынша биылғы жүлдегері Елдос Тоқтарбай: «Тілдер мерекесінде, алаш ардақтысы ­Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде жүлделі болу – мен үшін естен кетпес сәт болып қалмақ. Облыс әкімінің «Ақ қауырсын» жүлдесі – әдебиет сүйер жастарға қолдау болып, олардың ­шы­ғармашылық құлшыныстарын арттыратын, аты облыстық болғанымен, республикалық байқаулармен пара-пар» деген орамды ойын ортаға салса, поэзия аталымы бойынша бас жүлдегер Мұхтар Күмісбек «Жолдағы ауыл» өлеңін оқып, жыр сүйер тыңдарманды ерекше сезімге бөледі. Сол сияқты, «Періштені көрген бала» әңгімесінің авторы Әсем Жұмақан жүлделі ІІ орынды алды. ІІІ орынға проза бойынша Мәулен Әнербай, поэзия бойынша Ақниет Төленді лайық деп танылды. Барлық жеңімпаздар Дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Әйгерім ИЕБЕКОВА,
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
баспасөз хатшысы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=1046865
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Павлодардан елордаға ұш 14 sek
Кәкімжан Қазыбаев жайл 6 min
Теріс діни сенімнің қоғ 9 min
Кәкімжан Қазыбаев жайл 16 min
Осы араны басып көріңіз 26 min
Есть старинный маленьки 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Петропавлда «сақалды» қ 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Актер «Батыр Баян»: Тал 1 sagt
Қызылордада «Қорқыт жән 1 sagt
Нұр-Сұлтан мен Алматыда 1 sagt
Арыс маңында 10 сапер ж 1 sagt
Алматыда «барахолка» та 1 sagt
Бекзат Нұрдәулетов төрт 1 sagt
Адамның жасын нейрон жү 2 sagt
Димаш Құдайберген Нұр-С 2 sagt
Қостанай облысында жемқ 2 sagt
Әуе билеттерінің қымбат 2 sagt
Тоқаев іссапармен Нью-Й 2 sagt
Қазақстанның кей өңірін 2 sagt
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 2 sagt
Мемлекет басшысы бірқат 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 2 sagt
Мемлекет басшысы белгіл 2 sagt
Президенттік жастар кад 2 sagt
БҚО мектептерінде «Жас 3 sagt
Әлемде климаттың өзгеру 3 sagt
Елордада екі мыңға жуық 3 sagt