Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-22286107638 %62 %

 Жыл соңына дейін 5 айтыс өтеді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 23:10 - 2019/09/11


 Жыл соңына дейін 5 айтыс өтеді

Айтыс – қасиетті өнер. Елдің рухын көтеріп, еңсесін тіктейтін киелі өнер қазақпен бірге тең жасап келеді. Ал сөз маржанын терген қадірлі өнерге билік партиясының көңіл бөлуі құптарлық жайт.  

«Nur Otan» партиясы, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» және «Qazaqstan» республикалық Телерадиокорпорациясы арасында айтыс өнерін дамыту және насихаттау бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – ұлтымыздың ұлы мұрасын, озық дәстүрлері мен мәдени қазынасын түгендеуге, соның ішінде ежелгі халық өнері – айтысты заманға сай түлетіп, халық арасында насихаттау.

Тараптардың келісіміне сәйкес, алдағы айтыстардың барлығы «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағымен» ұйымдастырылып, «Nur Otan» партиясының тікелей демеушілік қолдауымен өткізіледі. Ал айтысты түсіру, көрсету, трансляциялау үшін «Qazaqstan»    Республикалық Телерадиокорпорациясы айрықша құқыққа ие болды.

Таяу күндері бірлескен жұмыстардың аясында «Nur Otan» партиясының қолдауымен Алтай мен Атырау, Алатау мен Арқа арасын дүбірлі думанға бөлейтін Айтыс аламаны басталады. Атап айтқанда, жыл соңына дейін «Жыр жұлдызы Фариза» атты белгілі ақын Ф. Оңғарсынованың 80 жылдығына орай айтыс, сыршыл суреткер жазушы С.Сейфуллиннің 125 жылдығына орай халықаралық айтыс, «Отан – отбасынан басталады» атты отбасылар айтысы, «Береке бірлігіңде, Елім» атты ақындар айтысы және «Алтын домбыра» жылдық қорытынды айтысы өтеді.

Айтыс қызыл сөзден қырман жасау емес, бейнелі тіл, терең ой, астарлы сөз. Оның құдыреті де сонда. Қас-қағым сәтте қиыннан қиыстырып, өнер төгу екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Сон­дықтан көзіқарақты, көкірегі ояу халық, ең алдымен, айтысты өнер ретінде қабыл­дап, оның осы ерекшелігін жоғары баға­лаған. Және айтыста ақиқат көп айтылады. Ақын халықтың көкейіндегі сөзді дөп айтып, билікке жеткізеді. Сол арқылы сөз салмағына тыңдарманның ықыласы ауады.

Қазақ халқының ғана маңдайына біткен айтыс өнерінің соңғы жылдары шырқау биікке көтерілгені белгілі. Ал төл өнерді дәріптеп, насихаттауға билік партиясының атсалысуы көпті қуантып отыр.

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1046861
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Мына суреттің тарихы 11 min
Осы араны басып көріңіз 16 min
Мәжіліс төрағасы қытайл 17 min
Осы араны басып көріңіз 26 min
Нұр-Сұлтан-2019: Қазақс 1 sagt
Поэзия мен музыканы жаң 1 sagt
Павлодардан елордаға ұш 1 sagt
Кәкімжан Қазыбаев жайл 1 sagt
Теріс діни сенімнің қоғ 1 sagt
Кәкімжан Қазыбаев жайл 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Есть старинный маленьки 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Петропавлда «сақалды» қ 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Актер «Батыр Баян»: Тал 2 sagt
Қызылордада «Қорқыт жән 2 sagt
Нұр-Сұлтан мен Алматыда 2 sagt
Арыс маңында 10 сапер ж 2 sagt
Алматыда «барахолка» та 2 sagt
Бекзат Нұрдәулетов төрт 2 sagt
Адамның жасын нейрон жү 2 sagt
Димаш Құдайберген Нұр-С 2 sagt
Қостанай облысында жемқ 3 sagt
Әуе билеттерінің қымбат 3 sagt
Тоқаев іссапармен Нью-Й 3 sagt
Қазақстанның кей өңірін 3 sagt
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 3 sagt
Мемлекет басшысы бірқат 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt