Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-18906332945 %55 %

Отандастар басқосуы — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 23:00 - 2019/09/11



Сан-Франциско қаласында ақш-та тұратын ­отандастардың бизнес-форумы өтті. Шараны «Отандастар» қоры мен ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігінің Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы ұйымдастырды.
Жиында америкалық нарық бизнесінің бағытын, атап айтқанда, инновациялық технологиялар және ІТ стартаптарымен байланысты жобалардың үлкен шоғыры есепке алынып, негізгі басымдық ІТ саласына берілді.

Форумға «Smart Advisory» ЖШС басқарушы серіктесі, «QazAngels» венчурлық қор директоры Руслан Рақымбай, «ABC-I2BF Seed Fund» инновациялық стартаптарды жетілдіру бойынша венчурлық қор басшысы Әнуар Сейфуллин,­ «Happycake Global» компаниясының негізін қалаушы және директоры Асхат Солтанов пен аталған қаладағы отандастар қатысты. Отандастар Президентінің кеңесшісі Дидар Болат шара барысында форумға қатысушыларды Қор қызметінің негізгі бағыттарымен, сондай-ақ мекеменің негізгі жобаларының бірі – қазақ мәдени іскерлік үйінің құрамына кіретін іскерлік үйлері мен мәдени орталықтардың әлем бойынша желісін құру жөніндегі жоспармен таныстырды. Өзара іс-қимылдың, бизнес-бастамаларды ынталандыру мен стартаптарды қолдау тетіктерін жан-жақты талқылаған қатысушылар өз ойларын ортаға салды.
Қазақстанда туып-өсіп, кейін шетел асқан Георгий Копытов Чехияда «Елім-ай» қазақ-чех орталығын ашқан. Ендігі ойы дәл сондай орталық негізін Америкада қалау. Ал Андрей Кунов атты отандасымыздың «Silicon Valley Innovatijn Center» компаниясы дәнекерлікпен, яғни іскер адамдардың немесе компаниялардың қажеттерін тауып берумен, оларды бір бірімен таныстыру, табыстырумен айналысады. Шамамен, айналымында бір миллиардтан астам АҚШ доллары бар венчурлық қор басшысы Анна Фокина болса агросектор мен биотехнология саласын дамытумен шұғылданады. «Silk rood» қазақ орталығының басшысы, бұған дейін Стенфорд университетінде дәріс оқыған Алма Құнанбаева негізінен орталыққа келген қонақтарды қазақтар, олардың тұрмыс салты, дәстүрімен таныстырады. Мәдени шаралар өткізеді. Жалпы америкалық отандастардың әрқайсысының нақты айналысатын ісі болғандықтан, олар тарапынан еш ұсыныс болған жоқ. Десе де, олар Қазақстан жақтан қандай жоба болса да қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.
Форум соңында Дидар Болат АҚШ-та тұратын отандастарды Қордың қазақ үйінің іскерлік үйі мен мәдени орталығы өкілдерін анықтауға белсенді қатысуға, сондай-ақ кездесуге қатысушыларды ағым­дағы жылдың қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін отандастардың бірінші форумына шақырды.

Нұркен ЖАНДӘУЛЕТҰЛЫ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=1046857
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар