Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-101077445648 %52 %

ҚР Президенті ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьерімен кездесті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:39 - 2019/09/11


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті, деп хабарлайлы Ақорда.

Мемлекет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьеріне қонақжайлылығы мен жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, өзінің Қытайға Қазақстан Президенті ретіндегі тұңғыш сапары ҚХР-ның құрылғанына 70 жыл толуына арналған мерейтоймен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Осы орайлы сәтте, Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Кэцянды және достас қытай халқын мерейлі мерекемен құттықтады.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын, екіжақты әріптестік барысында сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық әлеуетте көптеген нәтижелерге қол жеткенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына оң баға берді.

Өз кезегінде Ли Кэцян Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға сапары Қазақстан-Қытай байланыстарын одан әрі нығайтуға зор септігін тигізетінін атап өтті.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046794
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар