Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171393436637 %63 %

Асқар Мамин Арысты қалпына келтіру жұмыстарымен танысты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:36 - 2019/09/11


Асқар Мамин Арысты қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Асқар Мамин Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуын бақылап, Түркістанда салынып жатқан нысандарды аралады, primeminister.kz хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбелік құрылысшылар Арыстағы жұмыстарын ертең аяқтайды Нұр-Сұлтан қаласы Арыстағы үйлерді қалпына келтіруге үлес қосуда Арыс: 5-сектордың құрылыс жұмыстары аяқталды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың қысқа уақыт ішінде Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен нысандарды жылдам қалпына келтіру бойынша тапсырмасын орындау аясында қалада жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді, сондай-ақ Түркістан қаласының әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік маңыздағы нысандарының құрылыс алаңдарын көрді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтері бойынша, Арыс қаласында жөндеу жұмыстарының 99,3%-ы аяқталды. Нысандарда 134 құрылыс компаниясы, 3,8 мыңнан астам жұмысшы жұмыс істеуде және 211 арнайы техника тартылған.

Арыста 68 әлеуметтік нысан орналасқан (білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелері), олардың 64-і – күрделі жөндеуді және 4-еуі – толықтай қалпына келтіруді талап етті. Бүгінде 62 нысанда жұмыстар аяқталды.

 


ҚР Үкіметінің «Арыс-1» темір жол вокзалының жөндеуден өткен ғимараты мен оның алдындағы скверді аралап көрді,  «Арыс минералды су» қалпына келтірілген кәсіпорнына барды,  Арыс қаласында үйлері толығымен қиратылған 100 отбасыға арналған 50 екі пәтерлі коттеджден тұратын жаңа шағын ауданның құрылысы барысымен танысты. Барлық үйлер аяқталу сатысында тұр, ішкі әрлеу жұмыстары және үй жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Асқар Мамин Арыс қаласындағы қайта салынған жеке үйлерге кіріп, олардың тұрғындарымен әңгімелесті.



Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі болашақ халықаралық әуежайдың құрылыс алаңында болды. Жоба түріктің YDA Holding компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды. Нысанды келесі жылдың соңында пайдалануға беру көзделген.

ҚР Үкіметінің басшысына әкімшілік, әлеуметтік, тарихи және мәдени маңыздағы нысандар құрылысының барысы туралы баяндалды. Асқар Мамин әкімдік, медиа орталық, конгресс-холл ғимараттарын, «Нұр-Сұлтан» алаңын, Тұңғыш Президент саябағы, Олимпиадалық резервтің спорт мектебін, музыка мектебін, бассейні бар мектеп сарайын, неке сарайын,  халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратын, сонымен қатар аттракциондары бар қалалық саябақты, музыкалық фонтанды, амфитеатр, салынып жатқан тарихи-мәдени орталықтың, келу орталығының, Шығыс моншасының, қалалық Арбаттың құрылыс алаңдарын аралады.

 


Жұмыс сапары барысында ҚР Үкіметінің басшысына Түркістан қаласын салудың Бас жоспары көрсетіліп, Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық  жобалар таныстырылды.
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046793
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Орал қаласында тұрғын ү 5 min
Алматыда жиһаз жасайтын 10 min
ҚОЛДЫ КӨКІРЕККЕ ҚОЮ СҮН 10 min
Әйелдер күресінен әлем 14 min
Жаңатас қаласының 50 жы 20 min
Осы араны басып көріңіз 20 min
«Хабар» Агенттігі Insta 23 min
Атыраулық шаруалар жеңі 30 min
Қазақстанда 18 қыркүйек 1 sagt
Алматыда балалы әйелге 1 sagt
Елордада өндірісті жапп 1 sagt
Қазақстанның Қорғаныс м 1 sagt
Елордада 422 таксист за 1 sagt
Спорт пен еңбек ұштасқа 1 sagt
Қазақстан құрамасының б 1 sagt
Лорд Вульфтің «АХҚО Сот 1 sagt
Әкімшілік айыппұлды төл 1 sagt
Мәжілісте Марат Оспанов 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Олимпиада жолдамасын ие 1 sagt
Күзгі егін жинау науқан 1 sagt
Мұғалімдер, депутаттар 1 sagt
Тоқаев: Бидайды дер кез 1 sagt
Түркістан облысында биы 1 sagt
Ши жинпиң: хәуіпсіздікт 1 sagt
Путинцева Осакадағы жар 1 sagt
Түркістан облысында ер 1 sagt
Диқандарға жеңілдікпен 1 sagt
Оралда бос қалған өндір 1 sagt
Қанат Исламның келесі қ 1 sagt