Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171393436637 %63 %

ЖОЛ БАСТАҒАН ЖОШЫ — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 20:35 - 2019/09/11



Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына сапары мазмұнды болды ғой деп ой түйдім. Әсіресе, ұлтымызды ұйыстырған, түркі дүниесіне ғана емес, әлемге әйгілі ұлы хандар алшаңдап жүрген, рухтары Тәңіріге ұшып, тәндері жай тапқан Ұлытауға ат басын тіреп, қазақ ­деген халқына қажет сөзін айтты. «Мысалы, Моңғолия Шыңғыс хан тұлғасын халықаралық туризмді дамыту үшін өте тиімді пайдаланып отыр. Ал ұлы ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді… Сондықтан Алтын Орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет…
Бұл жұмыстар Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында басталуы қажет» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біз Геродотты, Марко Полоны, Карпиниді, ­Рубрукты, Рашид-ад-Динді оқыған жоқпыз. Бәлкім тарихшылар зерделеген болар. Ал Шыңғыс хан мен Жошыны кемеңгер Абай атамыздың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» зерттеуінен ұшыратасыз. «Қазақтың соғысқа жарарлық адамы сол Шыңғыстың әскеріне қосылыпты, бұларды Шыңғыс Жошы деген үлкен баласына билетіпті» деп жазады ұлы Абай. Негізі, данышпан атамыз арғы-бергі ­тарихты жақсы білген. Қара сөздері мен ­поэмалары – соған дәлел. Ежелгі Грецияның ­Сократын, Аристотелін, Македонскийді, бертіндегі мұсылман дәуіріндегі тұлғаларды шығармаларына арқау етуі – осыған дәлел. Абайдың ізімен жүрген Мағжан да тарихты жақсы білген. Өлеңдерінің көбі – Тұран, түркі жұрты туралы. Сақ дәуіріндегі Афрасиаб бабамыздан бастап, Абылай ханға дейін жырына өзек еткен. «Түркістан» өлеңінде «Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер, Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер…», «…Шыңғыстан Шағатай, Үкітай, Жошы, Төле – Атаға тартып туған бәрі бөрі…» дейді Мағжан ақын.
Жошы туралы әңгіме қозғаған кім болсын, оның әкесі, ұлы қаған Шыңғыс ханды айналып өте алмайды. Мәселен, ұлы Абайды айтып отырып, Құнанбай қажыны қағас қалдыра алмайсың. Тәуелсіздік алған бетте бірқатар ақын-жазушылар, тарихшыларымыз Шыңғыс ханмен арпалысқаны есте. «Қанішер, жауыз» деп, қазақтың қас жауы етіп көрсетуге жанталасты. Шыңғыс ханды қорғаған Мұхтар Мағауинге арадай жабылды. Ақыры не болды?
Прагада Мұхтар ағамызбен дидарласып, сұхбат алғанда Шыңғыс ханды жазуды амалсыз қолға алғанын айтқан. «Екі том болады» деп жо­балаған сонда. Жазушы жас күнінен-ақ алда жаза­тын шығармаларын жоспарлап қоятынын оқығам. Содан, Шыңғыс ханды арашалап қалу үшін жоспарын бұзып, төрт том «Шыңғыс хан» деректі эпопеясын жазып, жалғанның жарығына шығарды.
Менің қолымнан келгені – «Жұлдыз» журналында жарияланып жатқан «Шыңғыс хан» эпопеясынан үзінді алып, «Орталық Қазақстанда» бірталай нөмірге бастым. Ұзаған жоқ, жоғарыдан ескерту алдым да, амалсыз ­до­ғардым.
Сөйтіп, әлем мойындаған ұлы қаған қазаққа оралды. Тіпті Шыңғыс ханға талас басталып кетті. Әркім «Біздің рудың тумасы» деп, әлі күнге дейін Шыңғыс ханды бөлісе алмай жүр. М.Мағауин ұлы қағанды Қият руынан шыққан деп тұжырымдайды. Қият руы туралы «Қобыланды» жырында айтылады.
Жошы туралы біз алғаш І.Есенбер­линнің «Алтын Орда» кітабынан оқыдық. Сонда Бату ханның әкесі Жошы туралы еске алуынан басталады ­шы­ғар­ма. «Жошы, доңыз, 1227 жылы дүние салды» деп жазады Ілекең. Жошы туралы М.Мағауин «Шың­ғыс хан» эпопеясында тәптіштеп баяндайды.
«…Жошы – Еке Ұлыс тарихындағы Жебе ноян, Сүбітай баһадүр мен Мұқалы гойонға тетелес, айтулы қолбасы болып табылады…», «…әлде Сартауыл қарсаңы, бәлкім, анығында осы болар, жорық үсті немесе Хорезмді еңсере бастаған кезде Шыңғыс хан Бөртеден туған әуелгі төрт ұлына жаңадан енші белгілейді. Жошының үлесі – Байырғы Хорезм мен Дешті-Қыпшақ және одан арғы, Батыстағы, татар атының тұяғы жететін барлық жер. Шағатайға – Мәуереннахр мен Жетісу. Кенже ұл Төленің еншісі – қара шаңырақ, атажұрт Татан даласы. Өкетайға – Алтай алқабы, Шығыс Түркістан, Тарбағатай, Еміл бойы» деп жазады М.Мағауин.
Алтын Орданың негізін қалаған Жошының ұлы Бату атасы Шыңғыс ханның тәрбиесінде болған. Жеті жасынан Ұлы қаған жанынан тастамай жорықтарына бірге алып жүрген («Алтын орда», І.Есенберлин). Хан кеңестерінде Шыңғыс ханның ордасында отырған. Тұңғыш немерені атасы тәрбиелейтіні көшпенділер салтында әу баста болған. Түркі жұртында қазақтарда ғана сақталған сияқты. Осы қазір тұңғыш немересін атасы мен әжесі орайынан иіскеп, бауырына ­салып алу дәстүрі әлі бар.
Бату ханның қағанның басқа немерелерінен асып тұруы – Шыңғыс хан тәрбиесінен. «Ежелгі Русьті, бүкіл Еуропаны табанына салып, Римді шабам» деп жүрген Бату хан. Әрине, Алтын ордадай алып империя құрады. Алтын Орда хандарының дәргейіне тізерлеп келіп, алым-салық төлеп тұрған олар. Күш-қуаты асқан, мейманасы тасыған талай мемлекеттің жүні жығылып, қойдай жуасыған. Бұл туралы І.Есенберлин «Алтын орда» кітабында жазған.
Ілияс Есенберлин ағамыз да «Алтын орда» мен «Көшпенділер» үшін өз қазағынан талай құқай көргені есімде. Студент кезімізде жарыққа шыққан «Алмас қылышты» үлкен жазушымыз бен қара қылды қақ жарады дейтін сыншымыздан бастап, аямай сойып салғанын оқығанбыз. Мұны басқа жазармандар іліп алып, айғайға аттан қосып, өз тарихымызға лап қойып, талқанымызды шығара жаздаған. КСРО -ның ең жоғары марапаты­ – Лениндік сыйлықты бергізбей, Мәскеуге арызды вагонмен жөнелткен тағы өз зиялыларымыз. Парадокс.

І.Есенберлиннің өзін, қиямет кешіп шыққан сол шығармаларын әуелі қара ормандай қалың оқырманы мен Д.Қонаев аман алып қалғанын ұмытқан жоқпыз. Соңы Ілекеңнің жеңісімен аяқталады. Осы кітаптары ұзын саны үш миллион­ таралыммен елу рет басылыпты. Есенберлиннің жеңісі – қазақтың жеңісі.
Ғайыптан тайып, қолыма Қырым түбегінің 1792 жылғы картасы түсті. Анығында, профессор, математик, тарихқа бір иығын беріп тұратын, Батыр Баянның ұрпағы Е.Смайылов ағам әкеліп берген. Лупамен жата қала қарадым. Жер-су аттарының бәрі – қазақ рулары мен атаулары. Алаш, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Қатаған, Керей, Тама, Қият сынды үлкен рулар тайға таңба басқандай түбекте тұнып тұр. Ырғыз, Қырықшілік, Бесік, Суықсу сияқты қазақ атаулары өріп жүр. Картаны Ресей империясының қатын патшасы ІІ Екатерина картограф А.Вильбрехтке (неміс болса керек) жасатады. Симферопольден басқа орыс сөзі жоқ. Мұның өзі – грек тілінде. Қазір бұл атаулар қалды ма, жойылып кетті ме, біле алмадым.
Әйтеуір, Бату хан бастаған Алтын орда Еуропаны жапырып өтіп, дәуірлеген кезде Қырымды қазақ рулары жайлағанының дәлелі – осы. Ресей империясының, одан кейін Совет үкіметінің Қазақстандағы жер-су атауларын өзгерте бастауының басты себебі бұл.
Сонымен, Жошыны ұлықтап, Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу мемлекеттік деңгейде қолға алынғалы отыр. Түркі жұртының, Алтын орданың қара шаңырағы саналатын еліміз үшін үлкен сын. Моңғолиядан бір артықшылығымыз – Жошының мавзолейі Ұлытауда тұр. Шыңғыс ханның қайда жерленгені әлі беймәлім. Қазақ хандарының барлығы, соңғы ханымыз Кенесары Жошының кіндігінен тараған. Аруақтары халқымызды алқайды, Тәңірі қолдайды.

Мағауия СЕМБАЙ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Президент сыйлығының иегері
ҚАРАҒАНДЫ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=1046792
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Орал қаласында тұрғын ү 5 min
Алматыда жиһаз жасайтын 10 min
ҚОЛДЫ КӨКІРЕККЕ ҚОЮ СҮН 10 min
Әйелдер күресінен әлем 14 min
Жаңатас қаласының 50 жы 20 min
Осы араны басып көріңіз 20 min
«Хабар» Агенттігі Insta 23 min
Атыраулық шаруалар жеңі 30 min
Қазақстанда 18 қыркүйек 1 sagt
Алматыда балалы әйелге 1 sagt
Елордада өндірісті жапп 1 sagt
Қазақстанның Қорғаныс м 1 sagt
Елордада 422 таксист за 1 sagt
Спорт пен еңбек ұштасқа 1 sagt
Қазақстан құрамасының б 1 sagt
Лорд Вульфтің «АХҚО Сот 1 sagt
Әкімшілік айыппұлды төл 1 sagt
Мәжілісте Марат Оспанов 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Олимпиада жолдамасын ие 1 sagt
Күзгі егін жинау науқан 1 sagt
Мұғалімдер, депутаттар 1 sagt
Тоқаев: Бидайды дер кез 1 sagt
Түркістан облысында биы 1 sagt
Ши жинпиң: хәуіпсіздікт 1 sagt
Путинцева Осакадағы жар 1 sagt
Түркістан облысында ер 1 sagt
Диқандарға жеңілдікпен 1 sagt
Оралда бос қалған өндір 1 sagt
Қанат Исламның келесі қ 1 sagt