Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-1918849844 %56 %

СӘРКЕ БАТЫР ҰЛЫҚТАЛДЫ — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 20:28 - 2019/09/11



«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліне қорған болған Сәрке батырдың құрметіне киелі өңір Қосестек ауылында ескерткіш орнатылып, құран бағышталып, ас берілді.

Қосестек орта мектебінде батырдың өмір жолына­ арналған ғылыми конференция өтті. Аудандық өнер мектебінің жас қылқалам шеберлері сомдаған Сәрке бейнесі таныстырылды. Алқалы жиынға батыр өмірін зерттеп жүрген Баянғали Құлтаев жетекшілік етіп отырды. Жиында жазушы Қуаныш Орманов, тарихшы Талғат Жұмағалиев, қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы Амангелді Айталы,­ ел ағасы, облыста ұзақ жылдар басшылық еткен Сапар Сағынтаев, үздік өлкетанушы Бекарыстан Мырзалы, «ҚР Ақпарат саласының үздігі», «Сәрке батыр» дастанының авторы Нұрмұханбет Дияров сөз сөйледі. Бұдан әрі сөз аудан тұрғындарының ыстық ықыласты пікірлеріне жалғасты. Осы ауданға қарасты Ақ жайық ауылының тұрғыны, 90 жасты иектеген Оңдасын Қуанов, ауданның дамуында елеулі үлесі бар Меңзада Тоқтарова өз ойларымен бөлісті. Бабаны ұлықтау рәсіміне облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің құтықтауын ала келген, осы тарихи маңызы бар іс-шараға басынан ұйытқы болған, кезінде осы ауданға басшылық жасаған, бүгінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Рахат Сыдықов өз сөзінде ерлікке тағзым жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Еңселі ескерткіш салтанатты жағдайда ашылғаннан кейін гүл шоқтары қойылып, іс-шара той қызықтарына ұласты. Аудандық мәдениет үйінің, өнер мектебінің өнерпаздары театрландырылған қойылымды сахналады. Ән шырқалып, бишілер өнер көрсетті. Ұлттық ойындар тамашаланды. ­Балуандар белдесіп, аударыспақ, арқан тарту, соңғы уақытта дәстүрге айналған қой көтеруден күш ­сынасу бәсекелері өтті. Сәрке батырды арқау еткен көркемсөз сайысы өткізіліп, шебер орындаушылар анықталды. Облыстық деңгейдегі ақындар айтысы да көпшілікті бейжай қалдырмады.
Сөйтіп, бұл күн ұмытылмастай есте қалды.

Бақыт Имашев,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Ақтөбе облысы
Қарғалы ауданы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=1046788
Пікірлер

Көрші сілтемелер