Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-18968352044 %56 %

Нұр-Сұлтан қаласында 59 бала ауруханаға түсті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 19:10 - 2019/09/11


Менингитке шалдыққан екі баланың жағдайы қазір тұрақты. Бұл туралы елордадағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Иран Шаметеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, қазір стационарда "менингит" диагнозымен 59 пациент ем қабылдап жатыр. Оның ішінде вирусты менингитке 53 бала, бактериялық менингитке 6 пациент шалдыққан. Негізінен олар 6-7 жастағы балалар, арасында үш жасқа дейінгі сәбилер де бар. Барлық пациенттің жағдайы тұрақты.  

"№30 балабақшадан түскен балалардың жағдайы тұрақты, нашарлау байқалмайды. Біреуі 7 қыркүйекте, екіншісі 8 қыркүйекте түсті. Диагностика мен емдеу хаттамасына сәйкес ем қабылдап жатыр", - деді бас дәрігер қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында өткен брифингте.

Шаметеков менингитке шалдыққандарды дер кезінде анықтау және уақытында медициналық көмек көрсету үшін емханалардың жанынан фильтр-кабинеттер ашылғанын еске салды. Ол жерде дәрігерлер қызуы көтеріліп, басы ауырған балаларды қарап-тексереді, сондай-ақ патронаж қызметі белсенді жұмыс істейді.

Дәрігерлер жұқпалы энтровирустық инфекциялар жаз және күз мезгілінің басында өршитінін атап өтті. Вирус ауа-тамшы арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлесу кезінде) таралады.

Негізінен үш жастан он жасқа дейінгі балалар инфекция жұқтыруға бейім келеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1046761
Пікірлер

Көрші сілтемелер