Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-18906332945 %55 %

Алматыда триатлоннан іріктеу чемпионаты өтеді Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз с



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 18:25 - 2019/09/11


Алматыда триатлоннан іріктеу чемпионаты өтеді Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Алматыда триатлоннан іріктеу чемпионаты өтеді

2019 жылдың 15 қыркүйегінде "Алматы Арена" кешенінде 7 жастан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында триатлоннан Алматы ашық чемпионаты өтеді. 

Чемпионаттың басты міндеттері-Almaty Triathlon Federation құрамасын толықтыру үшін спортқа деген қабілеті жоғары балаларды анықтау және триатлонды насихаттау. 

– Бапкерлер үшін осындай жарыстар - үлкен "селекциялық" жұмыстың бір бөлігі. Біз осындай жарыстарда кіші топтардағы спортшыларға  ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені, мықты спортшыны тәрбиелеу үшін, баламен ерте жастан бастап жұмыс жасауымыз керек. Сонда ғана жақсы нәтиже шығады – дейді жарыстың бас төрешісі Максим Мазур.  

Айта кетейік, Almaty Triathlon Federation екі жыл ішінде бірнеше талантты спортшыларды тәрбиелеп шығарды. Мысалға айта кететін болсақ, Ғазиза Құмақбаева мен Дарья Бычкова биылғы жылы ҚР Ұлттық құрамасының спортшылары сапында өнер көрсетеді. Ғазиза – негізгі құрамада, ал Дарья - жастар арасында. 15 жасар спортшы Александр Тен 2019 жылдың басынан бері қатарынан үш бірдей жоғары титулды жеңіп алды. Ол Қазақстан, Орталық Азия және бүкіл Азия құрлығының чемпионы атанды. Басқа атлеттер де жақсы нәтижелер көрсетіп, Азия құрлығындағы ең мықты деген триатлеттер қатарына кіруге тырысу үстінде.

– Алматы құрамасы үнемі жаңартылып отырады. Біздің елдің мақтанышы болар атлеттер, болашақ чемпиондар, өсіп келеді. Алайда, өкінішке орай, уақыты келгенде бізді тастап кетеді. Сондықтан, үнемі жаңа спортшыларды тәрбиелеуімізге тура келеді. Сондықтан да, құрметті ата-аналар, өз балаларыңызды триатлонға әкеліңіздер.  Сіздің балаңыздың бүгінгі жеңісі - бұл тек қала құрамасына ғана емес, сондай-ақ бұл ұлттық командаға, болашақ олимпиадаларға жол. Әрине, барлық қатысушылар бірден құрамаға жолдама алмайды, жаттықтырушылар ең мықты балаларды таңдайды. Бірақ басқа балаларға қапа болудың еш қажеті жоқ. Алда әлі де мүмкіндік барын естен шығармау керек,– деп айтып өтті Almaty Triathlon Federation қамқоршылар кеңесінің мүшесі Валихан Тен. 

Алдағы Чемпионатқа келетін болсақ, ол екі кезеңде өтеді. "Акватлон" дистанциясында (жүзу 50 м, жүгіру 1 км) 7-9 жастағы спортшылар қатысады. Тағы бір акватлондық қашықтық (100 м жүзу, 2 км жүгіру) 10-12 жастағы балалар үшін өтеді. Және де, 13-23 жас аралығындағы атлеттер "Триатлон-суперспринт" (300 м жүзу, 8 км вело, 2 км жүгіру) дистанциясында өнер көрсетеді.

Чемпионат ұйымдастырушылары: Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры, Алматы қаласының әкімдігі, "Алматы Марафоны", "Алматы Арена", Дмитрий Гаага триатлон мектебі, World Class Almaty, Алматы спорт ғимараттары дирекциясы, #Сеніңжаңақырың мультиспорттық арнасы, "Бірінші болу батылдық" КҚ. Ақпараттық серіктестер - Тengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz.

Триатлон - бұл үш кезеңді қамтитын, яғни,  жүзу, веложарыс және жүгіруден тұратын мультиспорттық жарыс. 

"Almaty Triathlon Federation" қоғамдық бірлестігі 2017 жылы құрылды. Оның мақсаттары мен міндеттері:
 - триатлонды және оған кіретін спорттық пәндерді насихаттау;
- оқу-әдістемелік бағдарламаларын жетілдіру;
- триатлонда паралимпиада қозғалысын дамыту;
- триатлон әуесқойлары мен кәсіби спорт резервін дайындау;
- жаттықтырушылар құрамы мен төрешілер кадрларын іріктеу және біліктілігін арттыру жүйесін әзірлеу;
- ҚР чемпионаттарында, ірі халықаралық жарыстарда, оның ішінде 2020; 2024; 2028 жылдардағы Олимпиада ойындарында жүлделі орындарға қол жеткізу.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1046738
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар